Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi;
2) өкiлдiк шығындардың нормалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 281 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi
1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
2. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi шетелдiк делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары кезіндегi өкiлдiк мақсаттарға бөлінетін қаражат.
Өкiлдiк шығындарға:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмiмен көзделген жағдайларда iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге;
2) ресми қонақасыға, кешкi астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге;
3) ресми қабылдаулар өткiзу кезіндегi музыкалық сүйемелдеуге;
4) кәдесыйлар, ескерткiш сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметiне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға арналған шығындар;
8) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi рұқсат еткен өзге де шығыстар жатады.
2. Республикалық бюджеттің өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражатын пайдаланудың тәртiбi
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негiзінде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiне сүйене отырып, Өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Жоспар) жасайды.
Мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негiзiнде күтпеген iс-шараларды өткiзудiң саяси мәндiлiгi мен бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Жоспарды жыл бойы түзете алады.
4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджетте өкiлдік шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтiнiштерiн:
1) iс-шараны өткiзу қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның болу бағдарламалары;
3) iс-шаралар дайындау мен өткiзудiң жұмыс жоспары;
4) iс-шараға қатысушылардың iс жүзiндегi санын растайтын құжаттар;
5) шығыстардың әрбiр ерекшелiктерi негiзделген қаржыландыру жоспарлары;
6) осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиiстi iс-шара болған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қарайды.
5. Осы Ереженiң 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгіленген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерiнiң құнын, сондай-ақ деректемелерiн көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Жоспар және республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiшi негiзiнде осы қаулымен бекiтiлген өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға арналған қаражат бөлудi жүзеге асырады.
7. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмiмен ресiмделетiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің шетелдiк сапарлары кезiндегi өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің шешiмiмен ресiмделедi.
Өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмi жоспарланған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шешiмi негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.
9. Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің шетелдiк сапарлары кезінде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн Астана қаласының қазынашылық басқармасында валюталық шот ашады;
Астана қаласы қазынашылық басқармасының өтінiшi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық филиалы шетел валютасын айырбастауды жүргізедi және оның корреспонденттік (валюталық) шотына аударады;
Астана қаласының қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық филиалы көшiрме үзiндiсiнің негiзiнде шетел валютасын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің валюталық шотына есептейдi;
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ай сайын 10-күніне дейiн Астана қаласының қазынашылық басқармасына тиiстi айға арналған жоспарлы тағайындауларға баламалы сомада келесi күнтiзбелiк айға қолма-қол шетел валютасын алуға өтiнiм жолдайды;
өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу туралы қабылданған шешiмнің негiзiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми делегацияның құрамына кiретiн адамдарды көрсете отырып, қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенiмхатты беру үшiн Астана қаласының қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Астана қаласының қазынашылық басқармасы Сыртқы істер министрлiгiнiң хатында көрсетiлген адамға Ұлттық Банктің Астана қаласындағы орталық филиалынан қолма-қол шетел валютасын алуға сенiмхат бередi.
10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
11. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты алған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсетiлген қаражаттың пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есептi, ал өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты алған адамдар iс-шаралар өткiзiлгеннен кейiн 15 күнтiзбелiк күн iшiнде тиiстi тауарларды сатқан, жұмыстарды атқарған және қызметтер көрсеткен ұйымның мөрiмен куәландырылған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң құны мен көлемiн көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбiртектердi, есеп-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ұсынуы тиiс.
Осы Ереженiң 9-тармағында белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретін адам iс-шаралар өткiзiлгеннен кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелге сапары кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары бекiткен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шетелге сапары кезiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары бекiткен, елтаңбалық мөрмен расталған өкiлдiк мақсаттарға арналған шығындар жөніндегi актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық филиалының кiрiс ордерiн тапсырады.
12. Өкiлдiк шығындарға бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауапкершiлiк республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жүктеледi.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 281 қаулысымен
бекiтiлген
Өкiлдiк шығындардың
НОРМАЛАРЫ
___________________________________________________________________
Шығыстардың атауы | Құны теңгемен
___________________________________________________________________
1. Ресми түстiктердi, кешкi астарды
беруге арналған шығындар делегация үшін
күніне бiр адамға арналған есеппен
жүргізіледі; 6 500-ге дейiн
Қазақстан Республикасы Президентiнің,
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнің, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк Хатшысы - Сыртқы iстер
министрінің және Қазақстан Республикасы
Парламентiнің палаталары Төрағаларының
қатысуымен ресми түстiктердi, кешкi
астарды беруге күнiне бiр адамға
арналған есеп бойынша 12 500-ге дейін
2. Келiссөздер, мәдени бағдарламалар
iс-шаралары кезiндегi буфеттiк қызмет
көрсету күнiне бiр адамға 1 040-қа дейiн
3. Делегацияны қабылдайтын мемлекеттiк
органның штатында тұрмайтын
аудармашының еңбегiне ақы төлеу (iлеспе
аудармадан басқа) бiр сағатқа ақы төлеу
есебi бойынша 700-ге дейiн
4. Автомобиль көлiгімен шетелдік
делегацияларға қызмет көрсетуге арналған
көліктік шығындарға ақы төлеу бiр
сағатқа ақы төлеу бойынша қаржыландыру
жоспарларында көзделеді 1 200-ге дейiн
___________________________________________________________________
Ескерту:
1. Ресми түстiктердi, кешкi астарды беру кезiнде Қазақстан Республикасының тарапынан қатысушылардың саны шетелдiк делегациялардың тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиiс.
2. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететiн iлесiп жүретiн адамдар мен аудармашылардың (ілеспе аудармадан басқа) саны делегацияның 5 мүшесіне 1 аудармашы немесе бірге жүруші есебімен айқындалуы тиіс.