"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi ашық акционерлiк қоғамында биотехнологиялық өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. "Фармацевтикалық биотехнология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Фармацевтикалық биотехнология институты" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - 1-Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны медициналық-биологиялық факультетiнiң базасында жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Биотехнология жөнiндегi бiлiм беру орталығы" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 2-Қоғам) құрылсын.
4. Жарғылық капиталына мемлекеттiң кемiнде 51% мөлшерiнде қатысуымен "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 3-Қоғам) құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 1-Қоғам, 2-Қоғам және 3-Қоғам жарлықтарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) 3-Қоғам жарғылық капиталын:
1-Қоғам, 2-Қоғам және "Биомедпрепарат" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру;
осы қаулыға қосымшада көрсетiлген ұйымдардың тиiстi үлестерiн беру мақсатында қажеттi iс-шараларды жүргiзу жолымен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Бағдарламаны iске асыруға Ғылым қоры қаражатынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң 2003 жылы 150 000 000 (бip жүз елу миллион) теңге бөлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 277 қаулысымен
бекітілген
Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндірістік
бірлестігінің техника паркі" ашық акционерлік қоғамында
биотехнологиялық өндірісті қалыптастырудың және дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана, 2003 ж.
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы - Степногор қаласындағы "Прогресс"
ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi"
ашық акционерлiк қоғамында биотехнологиялық
өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Негiзгi әзiрлеушi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
министрлiгi
Әзiрлеу үшін - "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан
негiздеме Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы,
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы
10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының инновациялық даму
бағдарламасы, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 маусымдағы N 871
қаулысымен бекiтiлген 2001-2005 жылдарға
арналған "Қазақстан Республикасында
биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-
техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру"
республикалық ғылыми-техникалық бағдарлама,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы
12 шiлдедегi N 1059 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының ғылыми және
ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы.
Iске асыру - 2003 - 2005 жылдар
мерзiмдерi
Бағдарламаның - Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және
мақсаты өнеркәсiп үшiн биотехнологиялық өнiм
(антибиотиктер, амин қышқылдары, ферменттер,
клейковина, этанол, инсектицидтер) шығаруды
ұйымдастыру
Қаржыландыру - республикалық бюджет
көздерi
Күтiлетiн - ғылыми дәлелденген жаңа параметрлер және
нәтижелер жасалған экологиялық таза әрi импорт алмастыру
технологияларды бейiмдеу негiзiнде медициналық
және ветеринарлық дәрiлiк препараттардың,
жемшөп және азық қоспаларының, өсiмдiктер мен
жануарларды қорғаудың микробиологиялық
құралдары өндiрiсi, соның iшiнде: медицина
үшiн имозимаза мен эритромициндi, ветеринарлық
мақсатта тилозин мен монензиндi өндiру;
тазартылған фермент - глюкаваморин мен
амилосубтилин өндiрiсi; микробты
жәндiкжойылғыштар - лепидоцид, битоксибациллин,
бактоларвицид өндipici; икемдi үлгi бойынша
витамин қоспалары, премикстер, жемшөп
концентраттары және белок-витамин-минерал
қоспалары кiретiн жемшөп қоспалары өндiрiсi.
Микробиологиялық препараттарды, этанолды
ферменттеу кезiнде құнарлы орталардың
көмiрсутегi бөлiгi ретiнде қолданылатын құрғақ
тауар клейковинаны, 39 % крахмалдық сұйықты,
14 % крахмалдық қоспаны ала отырып астықты
кешендi қайта өңдеу. Отандық субстанциялары
негiзiнде медицинаға деген фитопрепараттарды
және басқа да дәрiлiк заттарды таблетка
түрiнде шығару.
2. Кіріспе
Биотехнология биологиялық және техникалық ғылымдар, генетикалық және клеткалық инженерия саласындағы қазiргi заманғы жетiстiктердiң негiзiнде белгiлi бiр мақсатта жасалған тiрi жүйелердiң (алдымен микроорганизмдердiң) әлеуеттi мүмкiндiктерiн өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу негiзiнде адамдардың тұрмыс деңгейiн арттыруға алдағы перспективаға әрi стратегиялық жоспарға да барынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының бiрi болып табылады.
БҰҰ сарапшыларының қорытындысы бойынша биотехнология XXI ғасырда адамзаттың барлық қызмет саласында, бiрiншi кезекте, азық-түлiк, медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экологияда, энергетикада дамуын айқындап отырады.
Қазақстанда халықты медициналық, ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк мақсаттағы биопрепараттармен қамтамасыз етуде жеткiлiктi түрде күрделi ахуал қалыптасты. Бұрын Республикада халық шаруашылығының дәрiлiк препараттарда, биологиялық активтi заттарда, өсiмдiктердi қорғау құралдарында, тағам және жемшөп қоспаларында қажеттiлiгiн бұрынғы KCPO микробиология өнеркәсiбi қамтамасыз еткен.
90-жылдар iшiнде ТМД елдерi экономикасын реформалау жағдайында микробиологиялық өнiмдердi өндiруге және биотехнология ғылымын дамытуға бөлiнетiн шығындар күрт қысқарды. Сонымен қатар ТМД елдерiнде, оның iшiнде Қазақстанда да, КСРО-да биотехнологияның қарқынды дамуы кезiнде құрылған едәуiр ғылыми және технологиялық әлеует осы уақытқа дейiн жинақталған және сақталған. Өндiрiстiк кешен, технологиялық желiлер, жоғары бiлiктi инженерлiк-техникалық персонал бұрынғы "Прогресс" ӨБ-де сақталған.
Бұрынғы "Прогресс" ӨБ-нiң ғылыми-өндiрiстiк базасын жедел және тиiмдi дамыту үшiн Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi, таза экологиялық, жоғары тиiмдi және энергия үнемдейтiн технологиялардың, тағам мен жемшөп қоспаларының, ветеринариялық және медициналық препараттардың, өсiмдiктердi қорғау мен дезинсектанттардың микробиологиялық заттарының биотехнологиялық өндiрiсiн құруға бағытталған ТМД елдерiнiң "Биотехнологияның дамуы" мемлекетаралық инновациялық ғылыми-техникалық бағдарламасына қатысуы қажет.
Осы Бағдарлама бұрынғы жылдардың ғылыми-техникалық әзiрлемелерi негiзiнде жасалды және бұрынғы "Прогресс" ӨБ және "Биомедпрепарат" ААҚ базасында биотехнологиялық өндiрiстi дамытуға бағытталған. Оны әзiрлеудiң негiздемелерi мыналар болып табылады:
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 маусымдағы N 871 қаулысымен бекiтiлген 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1059 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Дүние жүзiнiң барлық алдыңғы қатарлы елдерiнде мемлекеттiк және жеке капитал қаржыландыратын биотехнология жөнiндегi ұлттық және халықаралық бағдарламалар дайындалған және жұмыс iстейдi. Қазiргi уақытта биотехнологиялық өнiмнiң әлемдiк рыногы жылына 150 млрд. долларға бағаланып отыр, соның iшiнде ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсiбi үшiн - 45 млрд. АҚШ долларына жуық, фармацевтика өнеркәсiбi - 26,8 млрд. АҚШ доллары, химия және басқа салалар - 21,7 млрд. АҚШ доллары.
Ресми деректерге сәйкес 1998 жылғы Қазақстан халқы дәрiлiк препараттарды, соның iшiнде антибиотиктердi 300 млн. АҚШ долларынан артық сомаға сатып алды. Қазақстанда өндiрiлген дәрiлiк заттарды сату көлемi 1999 жылы фармацевтика нарығының нақты көлемiнiң 4%-ын, 2001 жылы - 6%-ын құрады. Қолданылу күшi кең әрi ұзақ мерзiмдi химиялық препараттарды жасау қазiргi кезде көкейкестi болып тұрғанымен, республикада денсаулық сақтау саласы үшiн антибиотиктер өндiрiсi жолға қойылмаған.
Сонымен бiрге антибиотиктер мен жемшөп қоспалары технологиясын және өндiрiсiн жасау ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласына да маңызды болып табылмақ. Мал шаруашылығын дамыту Республикада агроөнеркәсiптiк кешеннiң стратегиялық бағыты болып қала бермек.
Қазақстан Республикасында өзiнiң iшкi рыногының қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн тамақ өнеркәсiбiнiң спирт және нан пiсiру саласында қолданылатын ферменттердiң iрi көлемдi өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қуаттар мен технологиялар бар.
Ферменттер өндiрiсiнiң қазiргi қуаты Қазақстанның барлық спирт зауыттарының қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi көлемде препараттарды шығаруға (15 млн. декалитрге жуық), жартылай ТМД елдерiне ферменттi препараттарды экспорттауға (5 млн. декалитр) мүмкiндiк бередi.
Көптеген елдерде жанармай материалдардың октан санын ұлғайту үшiн экологиялық зиянды тетраэтил қорғасынның орнына этанол пайдаланады. Сондықтан биотехнология өнiмi үшiн өзiндiк құн бағасының төмендiгiнде жоғары тазартылған этил спирттiң (99,6%) өндiрiсi экологиялық жағдайын сақтауына маңызды әсер етедi.
Тазартылған қою амилолитикалық препараттар, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбiнде нан және ұн өнiмдерiн өндiруде, соның iшiнде диабетке қарсы биоқоспалар ретiнде пайдаланылады. Бұдан басқа, қою амилолитикалық ферменттердi шығару кезiнде жемшөп белогы осы өндiрiстiң қосымша өнiмi болып табылады, оның құрамында ауыл шаруашылығы жануарларына тапшылық ететiн, жемшөп белогымен байыту үшiн алмастырылмайтын белокты-аминқышқылды кешен қоспасы бар аса құнды өнiм екенi белгiлi.
Өсiмдiктердi биотехнология әдiстерiн пайдалана отырып, зиянды жәндiктерден қорғау арнайы микроорганизмдер дақылдарын қолданудың зиянсыздығына және экологиялық қауiпсiздiгiне негiзделген өзектi мiндет болып табылады. Өсiмдiктердi қорғаудың бактериалдық заттарын шығару Қазақстанның қажеттiгiн қамтамасыз етедi, өсiмдiктердi қорғаудың химиялық заттарының импортын қысқартады.
Соңғы 40 жыл iшiнде химиялық инсектицидтер аса қауiптi инфекцияларды таратушыларға қарсы күрес жүргiзуде жиi қолданылатын заттар болып табылады. Алайда, химиялық инсектицидтердi ұзақ қолдану, осы препараттардың жоғары төзiмдiлiгi, олардың су экожүйелерiне сiңуi қоршаған ортаның ластануына әкеп соқты. Масаларды экологиялық қауiпсiз және сонымен бiрге бактериялар негiзiнде жасалған жоғары тиiмдi биопрепараттармен жою тым өзектi әрi перспективалы болып қалмақ. Жасалатын препараттардың құралдар мен заттардың параметрлерi мен көрсеткiштерiн ғылыми негiздеу, ғылыми әзiрлемелердi өндiрiстiң нақты жағдайындағы технологияларға бейiмдеу, биотехнологиялық өнiм өндiрiсiн техника-технологиялық қамтамасыз ету осы саладағы бiрiншi кезектегi өзектi мәселе болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Биотехнологиялық өнiм өндiрiсiн бұрынғы "Прогресс" ӨБ-нiң өнеркәсiп аумақтары негiзiнде дамыту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсiбi үшiн отандық шикiзат ресурстарын қолдана отырып, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығару.
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi мiндеттер астықты кешендi қайта өндiрудi крахмал, клейковина, этанол алуды; жемшөп қоспалары, тазартылған ферменттер, антибиотиктер негiзi, кристалдық лизин, В 2 витаминi, пестицидтер (микробиологиялық және химиялық); фармацевтика өнiмi өндiрiсiн ұйымдастыруды қамтиды.
Сонымен қатар этил спиртi өндiрiсiнiң процесiн оңтайландыру және биологиялық инсектицидтер шығаруды қайта қалпына келтiру мақсатында кәсіпорынды қайта құруды жүргізу жоспарланып отыр.
Бағдарламада алаңдағы корпустарды бiртiндеп қайта құру әрi жаңғырту, биотехнологиялық өнiмдi тазалаудың және бөлудiң қосымша цехтарын салу көзделген.
Бағдарламаның негiзiн құрайтындар етiп мынадай негiзгi мiндеттер айқындалған:
жұмыс iстеп тұрған корпустарды жаңғырту, энергокешендi қалпына келтiру, көлiк шаруашылығын дамыту;
өсiмдiктердi қорғаудың микробиологиялық құралдар өндiрiсiн ұйымдастыру; фармацевтикалық өнiм өндiрiсiн ұйымдастыру; пестицидтер өндiрiсiн ұйымдастыру; жемшөп қоспалары, клейковина, крахмал өндiрiсiн ұйымдастыру; этил спиртi процесiн және тазартылған ферменттер препараттары өндiрiсiн оңтайландыру.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Антибиотиктер негiзiне жататын, денсаулық сақтау мен ветеринарияда қажеттi эритромицин, тилозин және монензин өндiрiсiн ұйымдастыру. Мұндай өзектiлiк өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен өзiндiк құнының мейiлiнше төмендiгiне қарай Қазақстандағы және одан тысқары жерлердегi сұранысқа байланысты.
Тазартылған ферменттердi: глюкаваморин Г18, амилосубтилин Г18 өндiру. Глюкаваморин және амилосубтилин препараттары спирт өнеркәсiбiнде құрамында крахмал бар субстраттарды қанттандыру үшiн кешендi қолданылады.
Спирт өндiрiсiнде ферменттiк препараттарын қолданудың негiзгi мақсаты - тапшылық ететiн уыт дәнiнен бас тарту, суслоны ашыту процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету және соңында спирттiң өзiндiк құнын төмендету.
Астықты құрғақ клейковина, 39% крахмал сұйықтығын, 14% крахмал қоспасын, жармаларын ала отырып, оны кешендi (терең) қайта өндiру Альфа-Лаваль фирмасының қазiргi заманғы технологиясын қолдануға негiзделген. Бұл технология жоғарыда көрсетiлген өнiмдi шығара отырып, өтiмсiз, сұранысы жоқ астықты да қайта өндiруге мүмкiндiк бередi. Маркетингтiк зерттеулер нәтижелерi тамақ және микробиология өнеркәсiбiнде, биотехнологияда кең қолданылатын клейковина мен крахмалдың ТМД елдерiнде ғана емес, Еуропа рыногындағы тапшылығын көрсетiп отыр. Жоғары тазартылған этил спиртiнiң өнеркәсiптiк өндiрiсi қажеттi, экономика жағынан тиiмдi және экологиялық қауiпсiз өнiм болып табылады.
Бактоларвицидтi алудың технологиялық процесiн оңтайландыру және оның өнеркәсiптiк өндiрiсiн ұйымдастыру осы инсектицидтiң зиянкестерге, ауру тарататын жәндiктерге қарсы күрес үшiн қажеттiгiне байланысты. Сондай-ақ штамдық қамтамасыз етiлуi бар (жоғары биологиялық белсендi микроорганизмдердiң - инсектицидтер продуценттердiң болуы) өсiмдiктердi қорғаудың микробиологиялық заттары - лепидоцид, битоксибациллин ауыл шаруашылығында және өсiмдiк шаруашылығында қажеттiлiгi соншама жоғары.
Этил спирті өндiрiсiнiң ашыту процесiн тиiмдi етiп және сұйылтқыштарды өндіру жөніндегі учаскені ұйымдастыра отырып, қайта құрылуын жүргізу.
Медициналық мақсаттағы имозимаза препаратын өндiру. Имозимаза iрiндеп қабыну процестерiн және жара бетiн емдеу кезiнде кең қолданылатын жоғары тазартылған протеолитикалық фермент болып табылады.
Фитопрепараттарды және басқа да дәрiлiк заттарды отандық субстанциялар негiзiнде денсаулық сақтау саласы үшiн таблетка түрiнде шығару. Арглабин, саллсоколин және ауруларға өте қажет басқа да ерекше препараттарды таблетка түрiнде шығару тұтынушылар үшiн неғұрлым қол жетiмдi болады.
Осы бағдарламаны iске асыру Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Инновациялық даму бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны орындау барысында алынған биотехнологиялық өнiмдi сатуды қамтамасыз ету үшiн салалық министрлiктер қажеттiгi шеңберiнде Ведомствоаралық үйлестiру кеңесi құрылады.
Осы Кеңестiң жұмыс тобы Yйлестiру кеңесiнде қарау үшiн медицина және агроөнеркәсiптiк кешенi үшiн биотехнология мен химия саласындағы Қазақстан Республикасы үшiн қажеттi өнiм тiзбесiн, мемлекеттiк тапсырыс көлемiн дайындайды. Бағдарлама шеңберiнде жасалған және сатылған препараттарға сатып алу бағасын айқындайды.
Жұмыс тобы үйлестiру кеңесiне жұмыстардың басталуы немесе жалғасуы туралы, жобаларды қаржыландыру нұсқалары туралы, жобаларға өзгерiстер енгiзу немесе оларды тоқтату туралы ұсыныстар береді. Жұмыс тобының ұсынысы бойынша Бағдарлама жаңа бағыттармен немесе жобалармен толықтырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
Бағдарлама тапсырмаларын орындауды үйлестiрудi және ағымдағы бақылауды;
Бағдарламаны орындауға арналған мемлекеттiк тапсырысты орналастыруға жобаларды iрiктеу жөнiндегi конкурсты ұйымдастыруды және өткiзудi;
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындауға мемлекеттiк сатып алулар туралы шарт жасасуды;
Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептердi дайындауды;
жұмыс тобының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар 2003-2005 жылдар кезеңiне барлығы 600,0 млн.теңге, 2003 жылы - 150,0 млн.теңге, 2004 жылы - 200,0 млн.теңге, 2005 жылы - 250 млн.теңге құрайды.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаның негiзгi бағыттары бойынша күтiлетiн нәтижелер кестеде келтiрiлген.
------------------------------------------------------------------
Р/с! Негiзгi тапсырмалар ! Күтілетін нәтижелер
N ! !
------------------------------------------------------------------
1 Антибиотиктер негізі: Антибиотиктер өндiрiсi:
эритромицин, тилозин, денсаулық сақтау үшiн эритромицин,
монензин өндірісін ветеринария үшін авермектин,
ұйымдастыру тилозин мен монензин
2 Тазартылған ферменттер: Ультрасүзу арқылы ферменттердi
глюкаваморин және одан әрi тазарта және қоюлата
амилосубтилин өндiрiсi отырып, дақылдық сұйықты
микробтiк синтез жолымен жасау;
қосымша-жемшөп белогын алу
3 Астықты кешендi (терең) 39 % крахмал сұйығын жартылай этил
қайта өңдеу спиртi үшiн, жартылай
микробиологиялық өнiмдер синтезi
үшiн өндiру, одан тамақ
өндiрiстерiне өткiзу мақсатымен
глюкоза патокасын алу; этил спиртiн
өндiрудiң технологиялық процесiнде
қолданылатын 14% крахмал қоспасын
өндiру; тауар өзегi мен жармаларды
алу
4 Мұнай өңдеу өнеркәсiбi Мұнайдың қайта өндiру өнiмдерiнiң
үшiн техникалық спирттiң октан санын арттыру үшiн жоғары
өндiрiс процесiн тазартылған этанол (99,6%) алу
оңтайландыру
5 Бактоларвицид алудың Бактоларвицидтi паста түрiнде
технологиялық процесiн полиэтилен орамасына салып шығару
оңтайландыру және оның
өнеркәсiптік өндiрiсiн
ұйымдастыру
6 Жемшөп қоспалары Ауыл шаруашылығы жануарлары мен
өндiрiсiн ұйымдастыру құстар үшiн кешенді желіні қолдана
отырып, жемшөп қоспалары өндiрiсi
жөнiнде телiм құру
7 Өсiмдiктердi қорғаудың Микробтiк инсектицидтi
микробиологиялық препараттардың: лепидоцид пен
құралдар және химиялық битоксибациллиннiң пумасупер,
пестицидтер өндiрiсiн премис химиялық препараттарының
ұйымдастыру өнеркәсiптiк өндiрiсi және т.б.
8 Этил спиртi өндiрiсiн Жоғары сапалы этил спиртiнiң
қайта құруды ашыту өнеркәсiптiк өндiрiсi,
процесін оңтайландыра эфиральдегид фракциясынан
және техникалық спирт техникалық өнiмдердi өндiру
өнiмдерiн өндiру жөнiнде телiм ұйымдастыру
жөнiнде телiм
ұйымдастыра отырып
жүргізу
9 Медициналық мақсаттағы Имозимазаның дайын дәрiлiк
имозимаза препаратының түрiнiң өндiрiсi
өндiрiсi
10 Медициналық препараттарды Медициналық мақсаттағы таблеткаларды
таблеткa және жылтырату жылтыр орамаларда шығару
түрінде шығарудың
технологиялық желiсiн
жасау
11 Фармацевтика өнiмдерiнiң Фармацевтика өнеркәсiбi үшiн
өндiрiсi шөптердiң экстракттары, никотин
қышқылының субстанциялары, гален
препараттары
------------------------------------------------------------------
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
------------------------------------------------------------------
Р/с! Іс-шара !Аяқталу! Орындауға!Орындау!Болжамды !Қаржылан.
N ! !нысаны ! (іске !мерзімі!шығыстар !дыру
! ! ! асыруға) ! !(млн. !көзі
! ! ! жауапты ! !теңге) !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
Ұйымдастыру іс-шаралары
1. Өнеркәсiптiк Бірлес. БҒМ, ДСМ, 2003 Талап
биотехнология кен АШМ, ҚОҚМ жылғы етілмейді
проблемалары бұйрық IV
жөнiндегi тоқсан
салааралық
үйлестiру
кеңесiн құру
2 Жекелеген ша. Бизнес- Конкурстың 2003 Талап
ғын бағдарлама. жоспар нәтижелері жылғы І етілмейді
лар бойынша бойынша тоқсан
бизнес-жоспар. анықталады және
лар әзiрлеу одан әрі
тұрақты
3. Бағдарлама Бағдар. "Прогресс" IV Талап
iс-шараларының ламаның ҒӨБ "Тех. тоқсан, етілмейді
орындалуы жө. негiзгi ника паркі" жыл
нiнде аралық әзiр. ААҚ сайын
және қорытынды леушi.
есептердi сiне
дайындау есеп
Ғылыми-техникалық iс-шаралар
Биотехнологиялық өнiмдер
(антибиотиктер, витаминдер аминқышқылдар субстанцияларының)
өндiрiсiн ұйымдастыру
4. Штамдар мен Жеткiзу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
технологиялық шарты нәтижелерi 2005 70,0 калық
регламенттер бойынша жж. млн. бюджет
сатып алу анықталады теңге,
соның
iшiнде
жылдар
бойынша:
2003 -
25,0;
2004 -
25,0;
2005 -
20,0
5. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
5,0;
2004 -
60,0;
2005 -
38,0
6. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 125 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
5,0;
2004 -
60,0;
2005 -
60,0
7. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 11,5 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
2,5;
2004 -
1,0;
2005 -
8,0
8. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 9,6 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
2,6;
2004 -
1,0;
2005 -
6,0
Тазартылған ферментті препараттар өндірісі
9. Штамдар мен Жеткiзу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
технологиялық шарты нәтижелерi 2005 17,0 калық
регламенттер бойынша жж. млн. бюджет
сатып алу анықталады теңге,
соның
iшiнде
жылдар
бойынша:
2003 -
10,0;
2004 -
1,0;
2005 -
6,0
10. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 12,0 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
4,0;
2004 -
4,0;
2005 -
4,0
11. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 7,0 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
2,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
12. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 7,0 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
2,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
13. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 3,8 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
0,8;
2004 -
1,0;
2005 -
2,0
Астықты кешенді (терең) қайта өңдеу
14. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 25 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
20,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
15. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 11,0 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
3,0;
2004 -
4,0;
2005 -
4,0
16. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 8,0 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
3,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
17. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 9,0 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
4,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
Жемшөп қоспалары өндірісін ұйымдастыру
18. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 18,0 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
13,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
19. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 8,5 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
3,5;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
20. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 8,5 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
3,5;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
21. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 8,1 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
3,1;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
Химиялық пестицидтер және өсімдіктерді қорғаудың
биологиялық заттар өндірісін ұйымдастыру
22. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 12,0 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
4,0;
2004 -
4,0;
2005 -
4,0
23. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 6,0 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
1,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
24. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 6,0 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
1,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
25. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 9,7 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
1,7;
2004 -
4,0;
2005 -
4,0
Бактоларвицидті алу процесін оңтайландыру және
өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру
26. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 6,0 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
1,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
27. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 5,5 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
0,5;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
28. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 5,5 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
0,5;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
29. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 6,0 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
1,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
Фармацевтикалық өнім өндірісін ұйымдастыру
30. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 9,0 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
4,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
31. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 6,5 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
1,5;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
32. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 6,5 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
1,5;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
33. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 12,7 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
1,7;
2004 -
7,0;
2005 -
4,0
Мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін техникалық спирт өндіру
процесін оңтайландыру
34. Технологиялық Ғылыми- Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
процестердi техника. нәтижелері 2005 16,0 млн. калық
қалыпқа келті. лық бойынша жж. теңге, бюджет
ру, техноло. есеп, анықталады соның
гиялық регла. ғылыми- ішінде
менттерді оң. техника. жылдар
тайландыру лық құ. бойынша:
жаттама 2003 -
11,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
35. Жобалау-кон. Жұмыс Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
структорлық, жобасы нәтижелері 2005 18,0 млн. калық
құрылыс құжат. бойынша жж. теңге, бюджет
тамасын әзір. анықталады соның
леу ішінде
жылдар
бойынша:
2003 -
5,0;
2004 -
7,0;
2005 -
6,0
36. Техникалық Есептер, Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
құжаттаманы техника. нәтижелері 2005 6,0 млн. калық
өндiрiске лық құ. бойынша жж. теңге, бюджет
әзiрлеу жаттама, анықталады соның
лицензия. ішінде
лар жылдар
бойынша:
2003 -
1,0;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
37. Жартылай өнер. Жеткізу Конкурстың 2003- Барлығы Республи.
кәсіптік зерт. шарты нәтижелері 2005 6,6 млн. калық
ханалық пилот. бойынша жж. теңге, бюджет
тық қондырғылар анықталады соның
мен жабдықтар. ішінде
ды сатып алу жылдар
бойынша:
2003 -
1,6;
2004 -
1,0;
2005 -
4,0
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 277 қаулысына
қосымша
"Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi"
ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын
қалыптастыруға қатысатын жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiктердiң
ТIЗБЕСI
1. "Биожемшөп" жауапкершiлiгi Ақмола облысы,
шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
2. "CRODAСО" жауапкершiлiгi Ақмола облысы,
шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
3. "Прогресс-Фармахим" Ақмола облысы,
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
4. "Прогресс-Агро" жауапкершiлiгi Ақмола облысы,
шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
5. "Прогресс-Эта" жауапкершiлiгi Ақмола облысы,
шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
6. "Прогресс-Био" жауапкершiлiгi Ақмола облысы,
шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
7. "Прогресс-Ауылшархим" Ақмола облысы,
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
8. "Прогресс Құрылысмонтаж" Ақмола облысы,
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Степногор қаласы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 277 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесiнде:
"Ақмола облысы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-7-жолмен толықтырылсын:
"13-7. "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi" ААҚ.
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 219-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-25-жолмен толықтырылсын;
"222-25. "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң, техника паркi ААҚ".
4.№<*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
5. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 24-жол алынып тасталсын.