Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Қазақ мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 9-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-3. "Қазақ мемлекеттiк
      медицина академиясы"
      қазыналық кәсіпорны                  Астана қаласы";
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1117  қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі