Заттай нысанда роялти төлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 25 ақпан N 198

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексі) 295-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға қосымша келiсiмдер жасассын, онда:
      мемлекет атынан роялти алушының - "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" ЖШС) жер қойнауын пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес роялтимен есеп айырысу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын баға бойынша шикi мұнай түрiнде көмiрсутегi шикізатының көлемiн алуы қамтамасыз етiлсiн;
      "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" ЖШС алуға тиесiлi көмiрсутегi шикізатының көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар төлейтiн роялти төлемiнiң заттай нысаны болып табылады деп белгiленсiн;
      жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмi бойынша роялти төлеу есебiне жеткiзiлетiн шикi мұнай көлемiн тапсырудың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда белгiленген мерзiмге қарағанда неғұрлым ертерек мерзiмi белгiленсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      2. "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" ЖШС (келiсiм бойынша):
      1) жер қойнауын пайдаланушылардан кейіннен оларды сатумен заттай нысанда роялти төлеу есебiне жеткiзiлетiн шикi мұнай көлемiн қабылдасын;
      2) жер қойнауын пайдаланушылар есептеген роялти сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен роялти төлеу үшiн белгiленген мерзiмде республикалық бюджетке аударуды жүргiзсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі