Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 ақпан N 190

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерінің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуінің тәртiбi:
      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      "2-3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақылы бiлiм беру қызмет көрсетуiне, сондай-ақ жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызмет көрсетуi жатады".
      5-тармақтың үшiншi абзацында:
      "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында";
      "кәмелетке толған азаматтар" деген сөздерден кейiн "немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
      6-тармақтың екiншi абзацындағы "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі