"Қазақстан Pecпубликасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 ақпан N 189

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн:
      1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу;
      2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
      "2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы                                                 74
      Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы  50";
      2) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттік нөмiрлерi 145-11, 145-12-жолдар алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 429-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 26, 27-жолдар алынып тасталсын.
      "2. Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "3. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы, Шымкент қаласы;
      4. Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Қызылорда қаласы".

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 722 қаулысы  5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi