Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 21 ақпан N 186. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
      1) 6-тармақтағы "Кенесары көшесi, 83" деген сөздер "Республика даңғылы, 60" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 11-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 11-1), 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеудi ұйымдастырады және жүргізеді;
      5-2) ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;
      5-3) мiндеттi мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама өткізуді ұйымдастырады;
      11-1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердi қоса алғанда, мемлекеттiк мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдардың және басқа да баспа өнiмдерiнiң орындылығын анықтайды;
      11-2) мемлекеттiк бюджет есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарының, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларының, қорғалған диссертациялардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етедi;";
      3) 12-тармақта:
      5) тармақшадағы ", олардың жарғыларын бекiтуге" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекітуге;";
      6) тармақшадағы "республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-2), 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргiзуге;
      9-3) ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі