Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде:
6-тармақта:
"ақша" деген сөздің алдынан "қағаз" деген сөзбен толықтырылсын;
"(немесе)" деген сөз алынып тасталсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
тақырыбындағы, мәтіндегі және ескертудегі "Ақша" деген сөздің алдынан "Қағаз" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі