Дене шынықтыру және спорт саласындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң интеграциясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң және Спорт ұйымдары халықаралық конфедерациясының 2003 жылғы 26-30 маусымда Астана қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Халықаралық спорт ойындарын (бұдан әрi - Халықаралық ойындар) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса берiлiп отырған Халықаралық ойындарды дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Астана қаласының әкiмдiгiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп, Нашақорлыққа қарсы күрестiң халықаралық күнiне орайластырылған Халықаралық ойындардың салтанатты ашылуының мәдени-спорттық мерекесiн өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Халықаралық ойындарға қатысушылардың тұратын және жарыстар өтетiн жерлерiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Халықаралық ойындарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп, Халықаралық ойындарға қатысушыларға арналған мәдени бағдарламаны ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн және оның дайындығы мен өту барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық ойындарға қатысушыларды тасымалдауға жәрдем көрсетсiн.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi ұсынған тiзiм бойынша Халықаралық ойындарға қатысушылардың және ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.
9. Халықаралық ойындарды дайындау мен өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру 2003 жылға арналған республикалық бюджетте бұл iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi мемлекеттiк мекемелерге-бағдарламалардың әкiмшілерiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 20 ақпандағы
N 180 қаулысымен
бекітілген
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Халықаралық спорт ойындарын дайындау мен өткiзу жөнiндегі ұйымдастыру комитетiнiң
ҚҰРАМЫ
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң
орынбасары, төраға
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм
Дәулет Болатұлы және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы, төрағаның орынбасары
Рогатин - Спорт ұйымдары халықаралық
Борис Николаевич конфедерациясының президентi,
төрағаның орынбасары (келiсiм
бойынша)
Әбенов - Қазақстан Республикасы
Сұлтан Мұрашұлы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi
Айдарханов - Қазақстан Республикасының
Арман Тергеуұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Әлiмбекова - Қазақстан Республикасының
Гүлнар Смәдiлқызы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi қаржы-экономика
бөлiмiнiң бастығы
Байболов - Қазақстан Республикасының
Болат Әбiлхақұлы Әдiлет министрлiгi
Нашақорлыққа және есiрткi
бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Білiм және ғылым вице-министрi
Борщевский - ТМД Атқару комитетi
Сергей Ефимович Гуманитарлық ынтымақтастық
департаментiнiң директоры
(келiсiм бойынша)
Ефименко - Спорт ұйымдары халықаралық
Анатолий Нестерович конфедерациясының бiрiншi
вице-президентi (келiсiм бойынша)
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Tұpcынұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Зәкiриянов - Қазақ спорт және туризм
Қайрат Қайроллаұлы академиясының президентi
(келiсiм бойынша)
Қанағатов - Қазақстан Республикасының
Елсияр Баймұхаметұлы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi төрағасының
орынбасары
Құралов - Кәсiподақтардың "Қазақстан"
Өтепқали Нысанғалиұлы дене шынықтыру-спорт қоғамы
орталық кеңесiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Қуанышев - Қазақстан Республикасының
Дулат Оразбекұлы Сыртқы iстер вице-министрi
Козлов - ТМД Атқару комитетi
Александр Сергеевич Гуманитарлық ынтымақтастық
департаментінің кеңесшiсі
(келiсiм бойынша)
Мұхаметжанов - Астана қаласы әкімiнiң
Төлеген Мұхаметжанұлы орынбасары
Пасько - ТМД Атқару комитетi
Игорь Петрович Гуманитарлық ынтымақтастық
және экологиялық қауiпсiздiк
департаментi директорының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Пшенко - ТМД-ға қатысушы
Константин Андреевич мемлекеттердiң Парламентаралық
Ассамблеясы Мәдениет, ақпарат,
туризм және спорт жөнiндегi
тұрақты комитетiнiң жауапты
хатшысы (келiсiм бойынша)
Разложко - Спорт ұйымдары халықаралық
Василий Степанович конфедерациясы спорттық
бағдарламаларының жетекшiсi
(келiсiм бойынша)
Лавриненко - Қазақстан Республикасының
Юрий Иванович Көлiк және коммуникациялар
бiрiншi вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi
Иван Иванович iстер вице-министрi
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм бiрiншi
вице-министрi
Өтеулина - Қазақстан Республикасы
Хафиза Мұхтарқызы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi