Өзбекстан Республикасынан Америка Құрама Штаттары мен Германия Федеративтiк Республикасына уран концентратының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 19 ақпан N 179

Қолданыстағы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Өзбекстан Республикасынан Америка Құрама Штаттары мен Германия Федеративтiк Республикасына 1992 жылғы 10 сәуiрдегi шартқа сәйкес 1-қосымшаға сай номенклатура мен санда "RWE Nukem" (АҚШ Коннектикут, Стемфорд қаласы) корпорациясы және 2000 жылғы 2 мамырдағы N NMMC-00/27 шартқа және 2002 жылғы 16 желтоқсандағы N 2 қосымша келiсiмге сәйкес 2-қосымшаға сай номенклатура мен санда "Siemens Financial Services GmbH" (Германия, Мюнхен қаласы) кәсiпорыны үшiн Науаи тау-кен металлургиялық комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Науаи қаласы) беретiн уран концентратының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен уран концентратының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 19 ақпандағы
N 179 қаулысына   
1-қосымша      

1992 жылғы 10 сәуiрдегi шартқа сәйкес "RWE Nukem" (АҚШ Коннектикут, Стемфорд қаласы) корпорациясы үшін Науаи тау-кен металлургиялық комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Науаи қаласы) беретiн тауарлардың номенклатурасы, саны

____________________________________________________________________
Р/с|  Тауардың атауы    |СЭҚ TH | Өлшем  |Саны |Бірлігі |  Құны
 N |                    | коды  |бірлігі |     | үшін   | АҚШ мың
   |                    |       |        |     |бағасы  |долларымен
   |                    |       |        |     |АҚШ мың |
   |                    |       |        |     |доллары.|
   |                    |       |        |     |  мен   |
____________________________________________________________________
1    Уран
     концентраты       284410900  тонна   2150   18,7      40205

     Жиыны                                2150             40205
____________________________________________________________________

      Тасымалдау темiр жол көлiгiнiң 20 тонналы контейнерлерiмен жүзеге асырылады.
      Шекаралық өту пункттерi: Шеңгелдi станциясы (Қазақстан Республикасы) - Озинки станциясы (Ресей Федерациясы).
      Жөнелту пункті: Науаи қаласы, Өзбекстан Республикасы.
      Баратын пунктi: АҚШ Коннектикут, Стемфорд қаласы.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 19 ақпандағы
N 179 қаулысына   
2-қосымша      

2000 жылғы 2 мамырдағы N NMMC-00/27 шартқа және 2002 жылғы 16 желтоқсандағы N 2 қосымша келiсiмге сәйкес "Siemens Financial Services GmbH" (Германия, Мюнхен қаласы) кәсiпорны үшiн Науаи тау-кен металлургиялық комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Науаи қаласы) беретiн тауарлардың номенклатурасы, саны

____________________________________________________________________
Р/с|  Тауардың атауы    |СЭҚ TH | Өлшем  |Саны |Бірлігі |  Құны
 N |                    | коды  |бірлігі |     | үшін   | АҚШ мың
   |                    |       |        |     |бағасы  |долларымен
   |                    |       |        |     |АҚШ мың |
   |                    |       |        |     |доллары.|
   |                    |       |        |     |  мен   |
____________________________________________________________________
1    Уран
     концентраты       284410900  тонна    150   18,7      2805

     Жиыны                                 150             2805
____________________________________________________________________

      Тасымалдау темiр жол көлiгiнiң 20 тонналы контейнерлерiмен жүзеге асырылады.
      Шекаралық өту пункттерi: Шеңгелдi станциясы (Қазақстан Республикасы) - Озинки станциясы (Ресей Федерациясы).
      Жөнелту пунктi: Науаи қаласы, Өзбекстан Республикасы.
      Баратын пунктi: Мюнхен қаласы, Германия Федеративтiк Республикасы.