Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 11 ақпан N 149

Қолданыстағы

      Инженерлiк және техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру және ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық және зияткерлiк әлеуетiн, материалдық-техникалық базасы мен инновациялық бiлiм беру технологияларын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 470-123-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"470-123 "Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық
университеті" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу
құқығында)                                   Алматы қаласы".     

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі