"Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және жүргізілген анықтау нәтижелері бойынша қорытындының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі "Жекелеген кілем түрлерінің және басқа да тоқыма еден төсеніштерінің импорты кезінде уақытша қорғау шараларын енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1690 қаулысына сәйкес тауарлар импорты кезінде уақытша қорғау баждарын өндіріп алу нәтижесінде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгізсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің хатшылығын және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін жүргізілген анықтаудың нәтижелері туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі