"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2003 жылғы 5 ақпандағы
N 132 қаулысымен
бекiтiлген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
сыйақы алу ережесi
1. Осы Ереже жинақтаушы зейнетқорларының комиссиялық сыйақы алу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Инвестициялық кірiстен комиссиялық сыйақы есеп берiлетiн ай iшiнде күн сайын есептеу жолымен алынады және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу әрi қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган) нормативтік құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртіппен айқындалатын зейнетақы активтерінің тиiстi күнгi шартты бiрлiгi құнының есебiне енгізіледі.
Инвестициялық шоттан жинақтаушы зейнет қорының ағымдағы шотына аударылатын есеп берiлетiн айдағы инвестициялық кiрiстен комиссиялық сыйақы инвестициялық кiрiстен бұрын аударылған комиссиялық сыйақыны шегерiп тастағанда, жыл басынан бергi кезеңде (есеп берiлетiн айды қоса алғанда) нақты алынған инвестициялық кірiс мөлшерінен аспауға тиic.
3. Зейнетақы активтерiнен комиссиялық сыйақы есеп берiлетін ай iшiнде әр күн үшiн бiрдей сомамен есептеу жолымен алынды және уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртіппен зейнетақы активтерінің тиiстi күнгі шартты бiрлiгi құнының есебiне енгiзіледi. Бұл ретте зейнетақы активтерiнiң мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелiндегi есеп берілетiн айдың бiрiншi күнiнiң басындағы қаржы құралдарының сатып алу құны негiзге алынып айқындалады.
4. Есеп берілетiн айдағы осы Ереженiң 2-3-тармақтарына сәйкес есептелген комиссиялық сыйақының сомасы есеп берілетін айдың соңғы күнтiзбелiк күнiнде жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына аударылуға тиiс.
Егер есеп берілетiн айдың соңғы күнтiзбелiк күнi демалыс (мереке) күнi болып табылса, аудару есеп берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi жұмыс күнi жүзеге асырылады.