"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 тамыздағы N 939 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай қаулыларына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985
қаулысына
:
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314
қаулысымен.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 31 қаңтардағы
N 115 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 21 шілдедегі
N 985 қаулысына
1-қосымша
_______________________________________________________
Облыс Әкімдер Оның ішінде әкімнің
аппараттарының орынбасарлары
саны (бірлік) (бірлік)
_______________________________________________________
Ақмола 69 4
Ақтөбе 66 4
Алматы 78 4
Атырау 55 4
Батыс Қазақстан 63 4
Жамбыл 72 4
Қарағанды 77 4
Қостанай 73 4
Қызылорда 62 4
Маңғыстау 47 4
Оңтүстік Қазақстан 85 4
Павлодар 69 4
Солтүстік Қазақстан 67 4
Шығыс Қазақстан 77 4
Алматы қаласы 295 4
Астана қаласы 142 4
Жиыны: 1397 65
_______________________________________________________