Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 28 қаңтар N 99

Қолданыстағы

      Спopттық peзеpвтi және ұлттық құрамa командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгінiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, соның iшiнде олимпиада резервiн және республиканың ұлттық құрама командаларының мүшелерiн даярлауды жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне
бекiтуге енгiзсiн;
      2) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тізбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 519-3-жолмен толықтырылсын:
     "519-3 "Олимпиадалық даярлау орталығы"
     республикалық мемлекеттiк
     қазыналық кәсiпорны"                     Астана қаласы";
     2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына :
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 24-жолмен толықтырылсын:
     "24. Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі