Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-іздестіру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 қаңтар N 89

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдiстемелік орталығы" мемлекеттік мекемесi" (бұдан әрi - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi суландыру жүйелерi жай-күйінің мониторингін жүргiзу, суармалы телiмдердiң құрылысын жобалауды жүзеге асыру, нормативтiк әдiстемелік құжаттар әзiрлеу болып белгiленсiн.

      3. Мекеме штат санының лимитi 23 бiрлiк санында бекiтiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн;
      2) Мекеменің әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267 қаулысына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "2. Мемлекеттік мекеме" деген бөлiмiнде:
      бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк мекемелер";
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "2. Қазагромелиосушар" республикалық әдiстемелік орталығы", Тараз қаласы".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі