Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 және 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 қаңтар N 88

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың төртiншi абзацындағы, 3-тармақтың екiншi абзацындағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне" деген сөздер, 4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне", "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 10-құжат):
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Нағманов               - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Қажымұрат Ыбырайұлы      коммуникациялар министрi, төраға

Циблиев                - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей мемлекеттiк
Василий Васильевич       ғарышкерлер даярлау ғылыми-зерттеу
                         орталығы бастығының орынбасары
                         (келiсiм бойынша);

      мынадай:
"Қосынов               - Қазақстан Республикасының Энергетика
Алмас Олжабайұлы         және минералдық ресурстар министрлiгi
                         Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы

Коржова                - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Наталья Артемовна        министрi"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосынов               - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Алмас Олжабайұлы         коммуникациялар министрлiгi
                         Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы;

Коржова                - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна        және бюджеттiк жоспарлау бiрiншi вице-
                         министрi";

      көрсетiлген Комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын:
Школьник Владимир Сергеевич, Смирнов Анатолий Владимирович, Глазков Юрий Николаевич.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі