Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі Мәдениет комитетiтінің "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 23 қаңтар N 84

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк академиялық би театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 512-14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "512-14. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк академиялық би театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны              Алматы қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Концерттiк ұйымдар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк академиялық би театры".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі