"Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Ic-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргiзу жөнiндегi топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметiне орталықтандырылған ғылыми-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру және тыңайтқыштар мен агрохимикаттарды ұтымды қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн;
2) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229
қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы 150".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі