"Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетін өнiмдердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесінің нормативтiк құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 қаңтардағы
N 77 қаулысымен
бекiтiлген
Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тiзбесi
------------------------------------------------------------------
СЭҚ TH Өнiмнің атауы
коды
------------------------------------------------------------------
1 2
------------------------------------------------------------------
Байланыс құралдары
------------------------------------------------------------------
851711000 сымсыз трубкалы сымды байланысқа арналған телефон
аппараттарын қоса алғанда, электр телефон аппараттары
851719900 таксофондар
851711000 факсимильдi байланысқа арналған аппаратура
852520910 транктiк және ұялы радиобайланыс жүйелерiне арналған
852521990 таратушы аппаратура
852520990 құрамдас бөлшектерiн қоса алғанда, таратушы аппаратура
852510900 радиотелефонды және радиотелеграфты байланысқа
арналған таратушы аппаратура
------------------------------------------------------------------
Медициналық бұйымдар
------------------------------------------------------------------
300650000 алғашқы көмек көрceтугe арналған дәрi-дәрмектер
------------------------------------------------------------------
Адамның терiсiмен жанасатын халық тұтынатын тауарлар
------------------------------------------------------------------
вулканизацияланған резеңкеден жасалған гигиеналық
немесе фармацевтикалық бұйымдар:
401490900 су астында жүзуге арналған резеңке маскалар және
ерінқаптар, шомылуға арналған бас киiмдер
401490900 резеңке жылытқыштар
401490900 резеңке маталы төсенiш клеенка
------------------------------------------------------------------
Қаупi ықтимал өндiрiске арналған жабдықтар
------------------------------------------------------------------
731210590 болат арқандар (жалпы мақсаттағы, пайдалануға және
731210820 терең барлау бұрғылауына арналған көтергiш тұйық,
731210840 тартатын тұйық, тальдiк, арматуралық)
731210860
731210880
731210990
------------------------------------------------------------------
Құрылыс материалдары
------------------------------------------------------------------
6806** дыбыс тұтқыш, жылу сақтағыш және дыбыс сiңiргiш
392111000 материалдардан жасалған бұйымдар
392112000
392113*
392114000
701690300 шыны пакеттер
701690900
------------------------------------------------------------------
Буып-түю ыдыстары
------------------------------------------------------------------
732399910 шыны ыдыстарға арналған металл қақпақшалар
------------------------------------------------------------------
Жеңіл өнеркәсiп өнiмдерi
------------------------------------------------------------------
5208** мақта маталар
5209**
5210**
5211**
5212**
5111** жүн маталар
5112**
511300000 жануарлардың немесе жылқының қылшық жүнiнен
тоқылған маталар
6401** былғарыдан, резеңкеден, тоқымадан және былғары мен
6402** резеңке алмастырғыштардан жасалған аяқ киiм
6403**
6405**
------------------------------------------------------------------
Өңделген ағаш тауарлары
------------------------------------------------------------------
360500000 сіріңкелер
940130100 тұрмыстық жиһаз
940130900
940140000
940150000
940161000
940169000
940171000
940179000
940180000
------------------------------------------------------------------
*1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ ТН кодының алғашқы алты саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының алты саны) және осы қосалқы позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады.
**1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ TH кодының алғашқы төрт саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының алты саны) және осы тауарлық позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың (СЭҚ ТН кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады.