Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 21 қаңтар N 68

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін.

      3. Алматы қаласының әкімдігі белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-3-жол алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі