Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 21 қаңтар N 64

Қолданыстағы

      "Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 17-бабын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің      
2003 жылғы 21 қаңтардағы
N 64 қаулысымен   
бекiтiлген   

Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды
әлеуметтiк оңалту
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      Осы Ереже " Терроризмге қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы " 1997 жылғы 19 мамырдағы, " Әділет органдары туралы " 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығына  сәйкес әзiрлендi және террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту тәртiбiн белгілейдi.

      1. Террористiк акциядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту осы Ережеде белгiленген тәртiппен тегiн қажеттi құқықтық көмектi (бұдан әрi - әлеуметтiк оңалту бойынша iс-шара) медициналық және психологиялық оңалтуды қамтиды.

      2. Әлеуметтiк оңалтуға заңнамада белгiленген тәртiппен террористiк акциялар жасау фактiлерi бойынша қозғалған қылмыстық iстер бойынша зардап шегушiлер деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.

      3. Әлеуметтiк оңалту бойынша іс-шараларды тиiстi ұйымдардың жүзеге асыруы үшiн адамды зардап шегуші деп тану туралы заңнамада белгiленген тәртiппен шығарылған қаулы негiз болып табылады.

      4. Шет мемлекеттің аумағында жасалған террористiк акциялардан зардап шеккендер деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтiк оңалту, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Құқықтық көмек алу тәртiбi

      5. Зардап шеккендерге қажеттi құқықтық көмектi террористiк акт жасалған жер бойынша не зардап шеккен адамның тұратын жерi бойынша аумақтық әділет органдары мен ішкi iстер органдары көрсетедi.
      Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдар жүгiнген кезде қажеттi құқықтық көмектi көрсетiлген органдар дереу жүзеге асырады.

      6. Террористiк акциялардан зардап шеккендер осы Ережеде көзделген тәртiппен мынадай тегiн қажеттi құқықтық көмек алады:
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсiндiру;
      зардап шеккендерге өз құқықтарын практикалық тұрғыда iске асыру жөніндегi консультациялар;

      7. Аумақтық әдiлет органдары мен iшкi iстер органдары олардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша, соның iшiнде қажеттi құжаттарды беруде практикалық көмек көрсетедi.

      8. Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдар жүгінген кезде осы Ереженің 5-тармағында көрсетiлген органдар қажеттi құқықтық көмек көрсету үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын (бұдан әрi - жұмыс тобы) ұйымдастыра алады.
      Жұмыс тобы осы Ереженің 5-тармағында көрсетiлген органдардың бiрлескен бұйрығымен, зардап шеккен адам кез келген осы органдарға жүгінген сәттен бастап бiр тәулiк мерзiмде құрылады.
      Жұмыс тобын құру туралы бұйрықтың көшiрмесi құқықтық көмек көрсету үшiн жүгiнген террористiк акциядан зардап шеккен адамға берiледi.
      Құқықтық көмек көрсету кезiнде жұмыс тобына енген тиiстi органдардың қызметкерлерi қажеттілiгi шегiнде осы Ереженiң 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген iс-шараларды өткiзу үшiн олардың атқаратын лауазымы бойынша жұмысты орындаудан босатылады.

      9. Жұмыс тобын құру қызметi және оның тәртiбi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің бiрлескен бұйрығымен белгiленедi.

3. Медициналық және психологиялық оңалту тәртiбi

      10. Террористiк акциялардан зардап шеккендерге қажеттi медициналық және психологиялық оңалту заңнамаға сәйкес тиісінше мемлекеттік денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
      Террористiк акциялардан зардап шеккендер жүгiнген кезде қажеттi медициналық және психологиялық оңалтуды көрсетілген ұйымдар дереу жүзеге асырады.

      11. Террористiк акциялардан зардап шеккендер дәрiгер-психиатрдан оларда психикалық немесе психосоматикалық бұзылудың болуына бастапқы тексерiлуден өтедi.

      12. Психикалық және психосоматикалық бұзылу болмағанда, психиатр зардап шеккен адамға көмек көрсету үшiн психологқа жолдама бередi.

      13. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен өз құзыретi шектерiнде террористiк акциялардан зардап шеккен және осындай акциялар нәтижесiнде мүгедек болған адамдарға санаториялық-курорттық емдеу бойынша жеңiлдiктер белгiлeуге құқылы.

      14. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шектерiнде медициналық және психологиялық оңалту бойынша iс-шаралар өткiзудi қамтамасыз етедi.

4. Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту бойынша iс-шараларды қаржыландыру

      15. Құқықтық, медициналық және психологиялық оңалтуды жүзеге асыру бойынша iс-шараларды мемлекеттiк ұйымдар мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен және шектерiнде жүзеге асырады.