Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-104-жолмен толықтырылсын:
"44-104. Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің "Қазақ
тұлпары" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Қостанай облысы";
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 466-7-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі