Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кеден қызметінің ақпараттық жүйелер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 20 қаңтар N 62

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кеден қызметінің ақпараттық жүйелер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

      3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті" деген бөліміндегі реттік нөмірі 516-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі