"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 20 қаңтар N 54

Жаңартылған

      "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі уәкiлетті орган болып бекiтiлсiн. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1027   қаулысымен .

      2. Қоса берiлiп отырған "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 20 қаңтардағы 
N 54 қаулысымен     
бекiтiлген     

"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспар өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1027   қаулысымен .
       Ескерту. 7-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.04.08. N 393
қаулысымен .
       Ескерту. 8-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.13. N 857  қаулысымен .

------------------------------------------------------------------
Р/!  № Іс-шаралар атауы   !  Аяқтау нысаны  !  Жауапты   ! Орындау
с !                       !                 !орындаушылар! мерзімі
N !                       !                 !            !
------------------------------------------------------------------
1. Kейбір нормативтiк       Нормативтiк       БҒМ, ЭБЖМ   2003-
   құқықтық кесiмдерге      құқықтық кесімдер             2004 жж.
   инновациялық қызмет
   мәселелерi бойынша
   өзгерiстер мен толықты.
   рулар енгiзу туралы

2. Салалық және аймақтық    Қазақстан         Министрлiк.  2003-
   инновациялық бағдарла.   Республикасының   тер,         2004 жж.
   маларды әзiрлеу          Үкiметi қаулы.    облыстардың,
                            ларының жобалары, Астана және
                            министрлiктердiң  Алматы
                            бұйрықтары,       қалаларының 
                            әкiмдердiң        әкiмдерi
                            шешiмдерi

3. Инновациялық қызметтiң   Қазақстан         БҒМ, ЭБЖМ,   2003 ж.
   мамандандырылған субъек. Республикасының   ЭМРМ, ИСМ    қаңтар
   тiлерiн (технологиялық   Yкiметi қаулысының
   парктердi, технологиялық жобасы
   инкубаторларды, иннова.
   циялық орталықтарды,
   кәсiпорындарды және бас.
   қаларын) ұйымдастыру
   және тіркеу ережесiн
   бекiту туралы

4. Инновациялық жобалардың   Қазақстан         ИСМ, БҒМ, 2003 ж.
   үлгi құжаттарының нысан.  Республикасының    ЭБЖМ   желтоқсан
   дарын әзiрлеу             Үкiметi қаулысының
                             жобасы

5. Инновациялық жобалардың   Қазақстан          ИСМ, БҒМ,  2003 ж.
   мемлекеттiк сараптамасын  Республикасының    ЭБЖМ       қараша
   ұйымдастыру және өткiзу   Үкiметi қаулысының
   ережесiн әзiрлеу          жобасы

6. <*>

7. Инновациялық бағдарлама.  Қазақстан          ИСМ, БҒМ,  2004 ж.
   ларды бюджеттiк кредиттеу Республикасының    ЭБЖМ       қаңтар
   ережесi мен шарттарын     Үкiметi каулысының
   әзiрлеу                   жобасы 

8. <*>
------------------------------------------------------------------