Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 17 қаңтар N 43

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн әрi қарай жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 17 қаңтардағы  
N 43 қаулысына       
қосымша         

Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы

Мәсiмов                   - Қазақстан Республикасы
Кәрiм Қажымқанұлы           Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                            төраға

Андрющенко                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Александр Иванович          және сауда бiрiншi вице-министрi,
                            төрағаның орынбасары

Коржова                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна           және бюджеттiк жоспарлау бiрiншi вице-
                            министрi

Әбусейiтов                - Қазақстан Республикасының
Қайрат Қуатұлы              Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi

Божко                     - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Владимир Карпович           қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                            бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)

Қасымов                   - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Әлiбек Хамитұлы             Кеңесi Хатшысының орынбасары
                            (келiсiм бойынша)

Отто                      - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович               Iшкi iстер вице-министрi

Поспелов                  - Қазақстан Республикасы
Николай Николаевич          Қорғаныс министрiнiң орынбасары

Комаров                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
Геннадий Григорьевич        министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және
                            жекешелендiру комитетi төрағасының
                            орынбасары

Метте                     - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық
Виталий Леонидович          компаниясы ААҚ-ның президентi,
                            хатшы

Меркель                   - Қазақстан Республикасының
Иоган Давидович             Әдiлет бiрiншi вице-министрi
       Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жвлғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 17 қаңтардағы  
N 43 қаулысына       
қосымша         

Қазақстан Республикасының корғаныс-өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн (бұдан әрi - ҚӨК) дамытудың негiзгi бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесушi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

II. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының өзiндiк, сондай-ақ сыртқы саяси, экономикалық және әскери мүдделерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚӨК қызметiн және дамуын жандандыруға және оны мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiруге жәрдемдесу;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын, бюджеттiк қорғаныс бағдарламаларын iске асыруға, шет мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, әскери мақсаттағы өнiмдердi экспорттық берудi арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

ІІІ. Комиссияның негiзгi функциялары

      4. Комиссияның негiзгi функциялары:
      1) ҚӨК-тi дамытуда мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын жетiлдiру, әзiрлеу және iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ұсыныстар дайындау;
      2) Қазақстан Республикасының ҚӨК қызметiн реттейтiн заңнамасын жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ұсыныстар дайындау;
      3) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әскери мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында ҚӨК-те (соның iшiнде әскери- техникалық ынтымақтастық саласында) жағдайды талдау және болжау;
      4) қару-жарақ және әскери техника жасау саласында мемлекеттiк бағдарламалар жобаларын белгiленген тәртiппен қарау;
      5) әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы проблемаларды қарау және оларды шешу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      6) халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      7) ҚӨК қызметiнiң, халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бақылау тиiмдiлiгiн арттыруға және осы салада мемлекеттiк реттеудiң басқа мiндеттерiн шешуге бағытталған ұсыныстар дайындау болып табылады.

IV. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету

      5. Комиссия өзiнiң негiзгi функцияларын орындау үшiн:
      1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк өкiмет органдарынан, сондай-ақ мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
      2) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Премьер- Министрi Кеңсесiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарының дерек банктерiн пайдалануға;
      3) мемлекеттiк, соның iшiнде үкiметтiк байланыс және коммуникациялар жүйесiн пайдалануға;
      4) жұмыс үшiн қажеттiлiгiне қарай Комиссияға сарапшылар тартуға;
      5) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi, Әкiмшiлiгiмен, Парламент Мәжiлiсi мен Сенатының аппараттарымен, Премьер-Министр Кеңсесiмен, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот аппараттарымен, Бас прокуратурамен, орталық және мемлекеттiк атқарушы билiктiң жергiлiктi органдарымен, сондай-ақ олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасау болып табылады.

      6. ҚӨК-ке жетекшiлiк ететiн Премьер-Министрдiң орынбасары Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия хатшысы, оның мүшелерi құрамындағы Комиссия құрылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

      7. Комиссия төрағасы және Комиссия құрамына кiретiн өзге де тұлғалар өз қызметiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. <*>
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жвлғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен .

      9. Комиссия жұмысы Комиссия төрағасы бекiтетiн жоспарлар бойынша жүзеге асырылады.

      10. Комиссия отырысын Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда - Комиссия төрағасының орынбасары жүргiзедi. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия хаттамасына тiркелуi тиiс.
      Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша, оның отырысқа қатысқан мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады және оны Комиссия төрағасы бекiтедi.

      11. Комиссия өз қызметiн заңнамада көзделген негiздер бойынша тоқтатады.