Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 984 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 37

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 984 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8-жолдармен толықтырылсын:
      "7. Эксперименттік және теориялық
      физика ғылыми-зерттеу институты          Алматы қаласы

      8. Ғылыми-технологиялық парк            Алматы қаласы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі