Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 33

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны" оны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны" оны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Қызметтiк тұрғын үйлердi пайдалану жөнiндегi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Дирекция) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қызметiнiң негiзгi мәнi:
      1) Кәсiпорынның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау;
      2) Дирекцияның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк тұрғын үйлерiн пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне жаңадан құрылған ұйымдардың жарғыларын бекiтуге ұсынсын және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 530, 530-1, 530-2-жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
      Шаруашылық басқармасы
      530. "Қазақстан Республикасының Парламентi
      Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк
      ғимараттар дирекциясы" республикалық
      мемлекеттiк қазыналық
      кәсіпорны                                    Астана қаласы
      530-1. "Қазақстан Республикасының Парламентi
      Шаруашылық басқармасының Қызметтiк
      тұрғын үйлерін пайдалану жөнiндегi дирекциясы"
      республикалық мемлекеттiк қазыналық
      кәсiпорны                                    Астана қаласы
      530-2. "Қазақстан Республикасының Парламентi
      Шаруашылық басқармасының
      Инженерлiк орталығы"
      республикалық мемлекеттiк
      кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)     Астана қаласы".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі