Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктілiк бiрыңғай анықтамалығы мен Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын қолдану жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 14 қаңтар N 12

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1999 жылғы 13 қаңтарда Саратов қаласында жасалған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк бiрыңғай анықтамалығы мен Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын қолдану жөнiндегі ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерінiң тарифтік-бiліктілік бiрыңғай анықтамалығы мен Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын қолдану жөнiндегi
ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

      Осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң Үкiметтерi (бұдан әрi - Тараптар), қызметкерлердi, олардың еңбек қызметiн атқаруы кезiнде әлеуметтiк қорғаудың маңызын тани отырып,
      еңбек қызметi мәселелерiн реттеудiң қажеттiгiн түсiне отырып және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерде еңбек жөнiнде бiрыңғай нормативтік база құруға ұмтыла отырып,
      адам құқықтары саласындағы БҰҰ-ның негiз қалаушы құжаттары мен Халықаралық еңбек ұйымы шеңберiнде әзiрленген адам құқықтары мен қағидаттарын ұстануға орай,
      құрылатын ортақ еңбек рыногы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң мүдделерi мен белгiлi бiр жұмыс берушiлер мен қызметкерлер мүдделерiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiнiн атап көрсете отырып,
      жұмыспен қамтуды, еңбекшiлердiң әлеуметтiк және кәсiптiк-құқықтық кепiлдіктерiн, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыруды қамтамасыз ету мәселелерiндегi Тараптардың өзара iс-қимылдарын жақсарту мақсатында төмендегi туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiм қызметкерлердiң Тараптар кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында (Бұдан әрi - кәсiпорындар) еңбек қызметiн атқару кезiнде, меншiк нысанына қарамастан, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк бiрыңғай анықтамалығы (бұдан әрi - БТБА) мен Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын (БА) қолдану саласындағы тараптар ынтымақтастығының негiзгi бағыттарын реттейдi.

  2-бап

      Тараптар тиiстi ұлттық органдарға БТБА мен БА енетiн жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың атаулары негiзiнде Жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдарының мемлекетаралық сыныптауышын (бұдан әрi - Мемлекетаралық сыныптауышын) бiрге әзiрлеудi тапсырады.

  3-бап

      Тараптар Мемлекетаралық сыныптауыштың жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдары атауларының, кәсiптiк бiлiктiлiкке және кәсiпорын қызметкерлерiнiң бiлiм деңгейiне қойылатын талаптарды бiркелкi ету мақсатында қолданылуын қамтамасыз етедi.

  4-бап

      Meмлекетаралық сыныптауышты бекiту, Мемлекетаралық сыныптауышқа енгiзiлетiн жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдары атауларын енгiзу және алып тастау туралы шешiмдi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегі Консультативтiк кеңесi (бұдан әрi - Консультативтiк кеңес) қабылдайды.

  5-бап

      Тараптар Мемлекетаралық сыныптауышты құру, БТБА мен БА тарифтiк-бiлiктiлiк және бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруға мiндеттенедi.
      Көрсетiлген iс-шараларды қаржыландырудың көлемiн, тәртiбi мен шарттарын тараптардың өкiлеттi органдары белгiлейдi.

  6-бап

      Достастыққа қатысушы-мемлекеттерде заңды тұратын және жұмыс iстейтiн кәсiпорындар қызметкерлерiнiң жоғарғы кәсiптік деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар осы келiсiмдi қолданатын қатысушы-мемлекеттердегi кадрларды даярлау мен бiлiктiлiкке иелендiрудiң бiлiм стандарттарына қойылатын салыстырмалы талаптарды белгiлейдi.

  7-бап

      Тараптар тиiстi ұлттық органдарға олардың мемлекеттерiндегi жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдарын атау тәртiбiне талдау жүргiзудi тапсырады және қажеттi жағдайларда аталған саладағы ұлттық нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

  8-бап

      Еңбек қызметiн растайтын құжаттарда, жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдарының атауларын жазу БТБА, БА және Мемлекетаралық сыныптауышқа сәйкес қызметкер тұрақты тұратын мемлекеттiң тілінде, осы мемлекеттiң тiлдер туралы заңына сай жүргiзiледi.
      Тұрақты тұратын мемлекеттiң аумағынан тыс еңбек қызметiн жүзеге асыратын адам үшiн оның еңбек стажын растайтын құжат еңбек қызметiн растайтын және тұрақты тұратын мемлекеттiң аумағында қолданылатын құжаттың (орыс тiлiндегi) нотариалды куәландырылған көшiрмесi болып табылады.

  9-бап

      Әр Тарап БТБА, БА және Мемлекетаралық сыныптауышты өз мемлекетiнiң еңбек заңдарына сәйкес қолданады.

  10-бап

      Тараптар өз мемлекетiнiң тиiстi органдарына осы Келiсiмдi iске асыру үшiн жасалып жатқан нақты шаралар туралы Консультативтiк Кеңеске ақпарат берудi тапсырады.

  11-бап

      Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар Тараптардың жалпы келiсiмiмен енгiзіле алады.
      Өзгерiстер мен толықтырулар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамаларымен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 13-бабында көзделген тәртiпте күшiне енеді.

  12-бап

      Осы Келiсiмдi қолдануға немесе талқылауға қатысты даулы мәселелер мүдделi Тараптар консультациялары мен келiссөздерi арқылы шешiледі.

  13-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап ал қатысушы-мемлекеттер үшiн заңнамасы күшiне ену үшiн қажет мемлекет iшiндегi процедуралардың орындалуын талап ететiн -, тиiстi құжаттарды депозитарийге берген күнiнен бастап күшiне енедi.

  14-бап

      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттер қосылу үшiн, осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру жолымен ашық.

  15-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап бес жыл iшiнде қолданылады. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса Келiсiм автоматты түрде әр жыл сайын бiр жылға ұзартылып отырады.

  16-бап

      Әр Тарап осы Келiсiмнен шығардан кемiнде алты ай бұрын депозитарийге ол туралы жазбаша хабарлама жасап шыға алады.

      Саратов қаласында 1999 жылғы 13 қаңтарда орыс тiлiнде бiр түпнұсқада жасалды. Түпнұсқа Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталуда, ол осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

      Әзiрбайжан Республикасының     Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн                   Үкiметi үшiн

      Армян Республикасының          Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                   Үкiметi үшiн

      Беларусь Республикасының       Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                   Үкiметi үшiн

      Грузия Республикасының         Түрiкменстан Республикасының
      Үкімет үшiн                    Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының      Өзбекстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                   Үкіметі үшiн

      Қырғыз Республикасының         Украин Республикасының
      Үкiметi үшiн                   Үкiметi үшiн

      

      Қоса берiлiп отырған мәтiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерi басшыларының Кеңесi атынан құжаттардың жекелеген жобалары туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау өкілеттiгiн Москва қаласы, 1998 жылғы 25 қарашадағы Экономикалық одақтың Халықаралық экономикалық Комитетi Президиуымына беру туралы Шешiмді орындау үшiн Саратов қаласында 1999 жылғы 13 қаңтарда қабылданған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң тарифтiк-білiктілiк бiрыңғай анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын қолдану жөнiндегi ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң түпнұсқалық көшiрмесi екендігін растаймын.

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
      Атқарушы хатшысының
      Бiрiншi орынбасары