Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2003 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қаңтар N 11

Қолданыстағы

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2003 жылға арналған квота республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,14 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі