Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 14 қаңтар N 10

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тариф саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      Тариф саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов енгізілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі