Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық лауазымдық айлықақының мөлшері:
лауазымдық айлықақылар мен әскери атақтар бойынша айлықақыларды, коэффициенттерді қолдана отырып, арнайы атақтар мен сыныптық шендер үшін қосымша ақыларды, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары үшін өтемақыларды;
мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің коэффициенттерді қолдана отырып, лауазымдық айлықақыларын (ставкаларын), сондай-ақ еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақыларын есептеу үшін 5353 теңге деңгейінде белгіленсін.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі