Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 ақпандағы N 239 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 18 желтоқсан N 239а

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 ақпандағы N 239 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөнiндегi iс-шара" деген 5-бағанының 1) тармақшасында: "ренталық әдiс" деген сөздерден кейiн "және ландшафтық картографиялау" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөнiндегi iс-шара" деген 5-бағанында:
      "7999,4", "3730,5", "12332,9", "2990" деген сандар тиiсiнше "3700,0", "7621,4", "9820,1", "4965,9" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулыға 7-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
__________________________________________________________________
6|  | |  |"Пилоттық аймақ аумағының    |қазан-жел- |Қазақстан
|  | |  |электрондық сандық карталарын|тоқсан     |Pecпубликасы.
|  | |  |жасау (Ақтөбе облысының 2 ау.|           |ның Жер
|  | |  |даны): дайындық жұмыстары;   |           |ресурстарын
|  | |  |бірыңғай кодификаторларды жа.|           |басқару
|  | |  |сау; картографиялық деректер.|           |жөніндегі
|  | |  |ді жандандыру; кадастрлық    |           |агенттігі
|  | |  |сандық электрондық карталарды|           |
|  | |  |жасау; топографиялық сандық  |           |
|  | |  |электрондық карталарды жасау;|           |
|  | |  |тoпырақтың сандық электрондық|           |
|  | |  |карталарын жасау; геоботани. |           |
|  | |  |калық сандық электрондық кар.|           |
|  | |  |таларды жасау; жұмыстарды    |           |
|  | |  |тапсыру";                    |           |
__________________________________________________________________

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі