Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1441

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары" деген бөліміндегі реттік нөмірі 45-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 269-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
      269. "Заң" акционерлік компаниясы ААҚ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі