"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру тетігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 48, 572-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінде:
6-тармақтағы "жеті" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі