Бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 35-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
203-бағдарламаның 5-бағанындағы "12" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі