"Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1395

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен
"Мелиоратор" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп
қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн;
      Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi жұмыс iстеп тұрған және жаңадан
iске қосылатын су шаруашылығы және гидромелиоративтiк жүйелердi
жабдықтармен жасақтау, оларда iске қосу-реттеу жұмыстарын жүргiзу,
сондай-ақ су шаруашылығы және гидромелиоративтiк құрылыстардың
объектiлерi үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау болып
айқындалсын;
      3) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн
қамтамасыз етсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де
шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң
түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы"
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405
қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13,
124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк
пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған
акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Павлодар облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк
нөмiрi 265-9-жолмен толықтырылсын:
      "265-9. "Мелиоратор" ЖАҚ";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк
пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану
жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне"
деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-5-жолмен толықтырылсын:
      "205-5. "Мелиоратор" ЖАҚ".
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі