Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 1087 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 1392

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы кен-металлургия саласының кейбір ұйымдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 1087 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасында:
      "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "орындауды" деген сөзден кейін "көрсетілген келісім-шарттың нақты қолданылуы мерзімін ескере отырып, есептелген акциялардың мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруға бергені үшін бұрын алдын ала төленген сыйақының бір бөлігін қайтара отырып," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі