Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-форумында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2003 жылғы 1 қаңтар - 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтар мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатсын.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулының 1-тармағын іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі