Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесіне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 1389

Қолданыстағы

      Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын қайта жаңа арналған бюджет қаражатын үнемдеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласының шекарасы шегiндегi ұзақтығы 35 км қaшықтық республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы "М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" автомобиль жолының құрамына енгiзiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қарағанды облысының өкiмiмен бiрлесiп үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзiмде учаскенi қабылдау-тапсыруды қамтамасыз етсiн.

      3. "Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жіктеу ережесiн және тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде:
      "М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" деген жолдағы "2045" деген сан "2080" деген санмен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "23011" деген сан "23046" деген санмен ауыстырылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі