Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.08.01 № 891 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. "Ғылыми-техникалық қызметте сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 876 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 38, 439-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1385 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрi - МҒТС) - бұл ғылыми-техникалық прогрестiң аса маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiгiнiң деңгейiн айқындау мақсатымен сараптама объектiсiне тәуелсiз талдамалық баға алу үшiн ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) ұйымдастыратын бағалау iс-әрекеттерi мен қорытындыларының жүйесi.
3. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет объектiлерiн қаржыландыру (iске асыру) туралы шешiм қабылдау МҒТС жүргiзiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары
4. МҒТС-тiң негiзгi қағидаттары:
тәуелсiздiк пен объективтiлiк;
сараптама жүргiзетiн адамдар мен ұйымдардың, құзыреттiлiгi және жоғары кәсiби деңгейi;
ғылым мен техниканың әлемдiк даму деңгейiне бағдарлану, технологиялық және экологиялық қауiпсiздiктiң нормалары мен ережелерiн, стандарттар талаптарын сақтауы;
сараптама жұмысын ұйымдастырудың жүйелiлiгi және оның нормативтiк және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi;
пайдаланылатын және түзiлетiн ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы;
сараптама ұсынымдарының дұрыстығы, толықтығы мен негiздiлiгi үшiн жауапкершiлiк және сараптама объектiсiн iске асырудың ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк салдарларын бағалауға саятын кешендiлiк;
қоғамдық ашықтық болып табылады.
5. МҒТС-тiң негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асырудың көкейтестiлiгi мен мүмкiндiктерiн бағалау;
ғылыми зерттеулер жүргiзудi мазмұндық, ұйымдық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету жөнiндегi сараптама объектiлерiн объективтi және кешендi қарау;
сараптама объектiлерiнiң заңнама талаптары мен нормаларына, конкурс шарттарына, ғылыми, техникалық және технологиялық бiлiмдердiң қазiргi деңгейiне, ұлттық қауiпсiздiк талаптарына және экономикалық мақсаттылыққа сәйкестiгiн тексеру;
бағдарламаланатын зерттеулер мақсаттарының мәндiлiгiн, оларға жоспарланатын операциялар арқылы жетудiң мүмкiндiктерiн, болжамды еңбек шығындарының, қаржы қаражаттарының, материалдық ресурстардың қажеттiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн бағалау;
қаржыландыру (iске асыру) үшiн жобаларды таңдау жөнiндегi ұсынымдарды дайындау;
ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық әзiрлемелердiң тиiмдiлiгiн және нәтижелiлiгiн анықтау;
бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды iске асырудың ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық салдарларын, экологиялық қауiпсiздiк талаптары есебiн бағалау;
қаржыландырылатын ғылыми-техникалық қызмет объектiлерiнiң алынған нәтижелерiнiң мәндiлiгiн (орындау, аяқталу және өндiрiске енгiзу сатысындағы), бөлiнген қаржы және басқа қаражаттардың тиiмдiлiгiн бағалау және қаржыландыруды жалғастыру, өзгерту немесе тоқтату туралы ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.
6. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы объектiлерге мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу кезiнде мынадай ең төменгi талаптар сақталуы тиiс:
сараптама объектiлерiн қаржыландыруға бағалау және ұсынымдар беру МҒТС-қа берiлген материалдардағы ақпаратқа ғана негiзделуi тиiс;
сараптама объектiсi бойынша ақпараттың құпиялылығы және сарапталатын материалдардың мазмұнын, сондай-ақ сарапшылар және олардың жұмыстарының нәтижелерi туралы мәлiметтердi басқа мақсаттар үшiн пайдалануға болмайтын мiндеттеме қамтамасыз етiлуi тиiс;
объектiнi бағалауға оның iске асырылуына немесе қабылданбауына қандай да бiр мүдделi сарапшылар тартылмауға тиiстi;
объектiлердi бағалауға тартылған сарапшылар құпиялылықты сақтауға және сараптама жүргiзiлетiн материалдардың коммерциялық құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi
7. МҒТС-тiң субъектiлерi мыналар болып табылады:
iзденушi - сараптама объектici бойынша ұсыныстар жасайтын және мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде қаржыландыру немесе объектiнi iске асыруға рұқсат алуға үмiткер жеке немесе заңды тұлғалар;
тапсырыс берушi - сараптама объектici бойынша шешiм қабылдайтын және MFTC жүргiзуге тапсырыс беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар;
ұйымдастырушы - MFTC жүргiзуге тапсырысты iске асыруды ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi орындаушы белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган (сарапшылық орган);
орындаушылар - iзденушiнiң ұсыныстарын талдайтын және сараптама қорытындысын беретiн тиiстi мамандандырудың тәуелсiз сарапшылары, сараптама топтары, комиссиялары, кеңестерi, ұйымдары.
8. Тапсырыс бepушi конкурстық комиссия ұсынған материалдар бойынша мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу туралы шешiм қабылдайды, ұйымдастырушыға өтiнiмдi және мынадай материалдарды жiбередi:
сараптама объектiлерi бойынша ақпараты бар жолдама хат;
МҒТС-қа берiлген iрiктеу шарттары, материалдарды ресiмдеуге қойылатын талаптар және ұйымдастырушымен келiсiлген оларды бағалау өлшемдерi;
конкурстық комиссияның материалдарды сараптамаға жiберу туралы хаттамасы;
сараптама жүргiзу үшiн жiберiлген объектiлердiң тiзбесi (әр объект бойынша ақпарат көлемi көрсетiлген), сондай-ақ материалдардың өзi (2 данада);
ұйымдастырушымен MFTC ақпараттық және ұйымдастыру-қаржылық алып жүруге келiсiм-шарт жасайды;
келiсiм-шарт: сараптаманың мәнi мен объектiлерiн; сараптама жүргiзу шарттарын; тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн; сараптама жүргiзу мерзiмдерiн (бip айдан кем емес); сараптама қорытындысының күшi сақталатын мерзiмдi; сараптама шығындарын төлеу тәртiбiн; шарттық қатынастарды өзгертуге немесе тоқтатуға әсер ететiн шарттарды; келiсiм-шарт талаптарын орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшiн жауапкершiлiкті; қорытындылардың дұрыстығына жауапкершiлiктi, мұндай жауапкершiлiктiң әрекет ету мерзiмiн; сараптама объектiсiнiң өзiндiк ерекшелiгiнен туындайтын басқа да мәндi шарттарды анықтауы тиiс.
9. Ұйымдастырушы сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу үшiн барлық қажеттi ақпаратты алады, сондай-ақ:
өз жұмысының қаржылық, матepиaлдық-техникалық және әкiмшiлiк-құқықтық алып жүрудi қамтамасыз етедi;
келiп түскен материалдарға алдын ала талдау жасайды және ұсынылған материалдарда материалдарды iрiктеу талаптарынан ауытқулар болған жағдайда, тапсырыс берушiге алдын ала талдау нәтижелерi мен сараптаманы әрi қарай жүргiзу жөнiнде ұсыныстар жiбередi;
тапсырыс берушiмен сараптамаға қойылатын талаптарды және оны орындау шарттарын келiседi (қаржыландыру тәртiбi, мерзiмi және басқалары);
сараптаманы орындаушыларды белгiлейдi, сарапшылар ретiнде жетекшi ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды, ұжымдық сарапшылар ретiнде сараптама топтарын, комиссияларды, кеңестердi, сондай-aқ ұйымдарды тартады және олардың жұмысын ұйымдастырады;
жеке және ұжымдық сарапшылар жұмыстарының нәтижелерiн ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;
орындаушылардан түскен сараптама қорытындыларын белгiленген тәртiппен қарайды және қорытындыны тапсырыс берушiге жiбередi.
10. Орындаушы тапсырма талаптары және сараптама жүргiзу мерзiмiне сәйкес оған ұсынылған объектiлердi зерделейдi және бағалайды, сараптама қорытындысын дайындайды және ұйымдастырушыға бередi.
11. Ізденушiнiң тапсырыс берушiге ұсынған ақпаратының және сараптамаға түскен материалдардың құпиялылығы:
iзденушi жүзеге асыратын әзiрлемелердiң алдын ала патенттiк қорғалуымен;
мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама рәсiмдерiне барлық тiкелей қатысушылардың сарапталатын ақпараттың құпиялылығын бұзбау жөнiндегi мiндеттiлiгiмен қамтамасыз етiледi.
12. Ізденушiнiң талабы бойынша оның санаткерлiк меншiкке деген құқықтарын қосымша қорғау үшiн оның және тапсырыс берушi арасында алушы тараптың (тапсырыс берушiнiң) шартта айтылған ақпаратты сараптама жүргiзуден басқа, өзгеше мақсатта жария етпеу мен пайдаланбауды көздейтiн ақпараттың құпиялылығы мен жария етiлмеуi туралы жазбаша шарт ресiмделедi.
13. Оларды жүзеге асыру кезiнде MFTC-ты жүргiзу мiндеттi iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер жүргiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.