"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы атақтар берiлген қызметкерлерiнiң нысанды киiм үлгiлерi мен тиесiлiк нормалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыны iске асыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiледi деп белгіленсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнің
2002 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1380 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі
қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы атақтар
берiлген қызметкерлерінiң нысанды киiм үлгiлерi
мен тиесiлiк нормалары
1. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының
жоғары басшы құрамының киiм нысаны
1. Салтанаттық киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi, алтын түстi кокардасы, күнқағарында алтын жалатқан тiгiсi, өрiлген бауы және маңдайшасында эмблемасы бар қаракөк түстi фуражка (рельеф);
шеткi жиегi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген сұрғылт түстi погондары, бекiтілген рельефтiк белгісi бар төрт металл түймесi, мундир лацканы мен жеңiнде алтын түстi тiгiсi бар ашық бiр қаусырмалы салтанатты кию мундирi. Китель жағасының қайырмасы классикалық ағылшын пiшiндес болады, көмкермесi теңбiл түсті, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында кеуде тұсында жапсыра тiгiлген жиегi өрнектелген және металл түйме тәрiздес бедерлi қақпағымен екi жапсырмалы қалтасы бар. Қапталында да бедерлi қақпағымен екi жан қалтасы орналасқан. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгiсi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледi. Кительдiң сол жақ жеңiне жоғары офицерлер құрамының белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi тiгiледi. Матасы - жүннен;
түймеленетiн жапсырмалы екі қалтасы бар ақ көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қаракөк (қара) түстi. Матасы - мақта-мата;
тiгiсiнде жан қалталары, теңбiл түстi лампастары бар қаракөк түстi жүн шалбар (рельеф). Артқы оң жақ жартысында қиып салынған жақтаулы, қиылған iлгегi бар қалта;
ақ түстi қолғап;
қара түстi бәтiңке;
қысқа қонышты хром етiк;
2) қысқы:
кокардасы бар сұр түсті қаракөлден тiгiлген құлақшын;
тысталған және қаракөл жағасы бар көмкермесi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген погондары бар, төрт түймесi және сол жақ жеңiне жоғары офицерлер құрамының белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi бар қаракөк түсті бiр қаусырмалы пальто;
ашық бiр қаусырмалы салтанатты мундир мен қаракөк түстi балағы түсiңкi шалбар;
қаракөк (қара) түсті галстугі бар ақ түсті көйлек;
қара түстi бәтiңке;
қысқа қонышты хром етiк;
қысқа қонышты iшi жүн бәтiңке;
ақ түстi қолғап;
ақ түстi бөкебай.
2. Бiр киер салтанат киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi, алтын түстi кокардасы, күнқағарында алтын жалатқан тiгiсi, өрiлген бауы және маңдайшасында эмблемасы бар қаракөк түстi фуражка;
шеткi жиегi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген сұрғылт түстi погондары бар, бекiтiлген рельефтік белгiсi бар, төрт металл түймесi, мундир лацканы мен жеңiнде алтын түстi тiгiсi бар ашық бiр қаусырмалы салтанатты кию мундирi. Китель жағасының қайырмасы классикалық ағылшын пiшiндес болады, көмкермесi теңбiл түсті, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында кеуде тұсында жапсыра тiгiлген жиегi өрнектелген және металл түйме тәрiздес бедерлi қақпағымен екi жапсырмалы қалтасы бар. Сол сияқты, қапталында бедерлi қақпағымен екi жан қалтасы орналасқан. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгісi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледi. Кительдiң сол жақ жеңiне жоғары офицерлер құрамының белгіленген үлгідегі жеңдегi белгiсi тігіледi. Матасы - жүннен;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар ақ көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қаракөк (қара) түстi. Матасы - мақта-мата.
тігісiнде жан қалталары, теңбiл түстi лампастары бар қаракөк түстi жүн шалбар. Артқы оң жақ жартысында қиып салынған жақтаулы, қиылған iлгегi бар қалта;
ақ түстi қолғап;
қысқа қонышты хром етiк;
қара түстi бәтіңке;
2) қысқы:
кокардасы бар сұр түстi қаракөлден тiгiлген құлақшын;
тысталған және қаракөл жағасы бар көмкермесi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген погондары бар, төрт түймесi және сол жақ жеңiне жоғары офицерлер құрамының белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы пальто;
ашық бiр қаусырмалы салтанат мундирi мен қаракөк түстi балағы түсiңкi шалбар;
қаракөк (қара) түсті галстугi бар ақ түсті көйлек;
қысқа қонышты хром етiк;
қымталған қысқа қонышты бәтіңке;
қара түстi бәтiңке;
қара түстi қолғап;
ақ түстi бөкебай.
3. Күнделiктi киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi және алтын түстi кокардасы бар қаракөк түстi күнделiктi фуражка;
шеткi жиегi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген көмкермесi, погондары бар, бекiтiлген рельефтiк белгiсi бар төрт металл түймемен түймеленеді, мундир лацканында алтын түстi тiгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы ашық күнделiктi китель. Китель жағасының қайырмасы теңбiл түстi көмкермесi бар классикалық ағылшын пiшiндес болады, жаға қайырмасының енi сегiз - сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында кеуде тұсында металл түйме тәрiздес бедерлi қақпағы бар жапсыра тiгiлген және жиегi өрнектелген екi жапсырмалы қалтасы бар. Сол сияқты, қапталында екi жан қалтасы бедерлi қақпағымен тiгiлген. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгiсi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледі. Кительдiң сол жақ жеңiне жоғары офицерлер құрамының белгiленген үлгiдегі жеңдегi белгiсi тiгiледi. Матасы - жүннен;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар көгiлдiр түстi көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қаракөк түсті. Матасы - мақта-мата.
тігісiнде жан қалталары, теңбiл түстi лампастары бар қаракөк түстi жүн шалбар (рельеф). Артқы оң жақ жартысында қиын салынған жақтаулы, қиылған iлгегi бар қалта;
қысқа қонышты хром етiк;
қара түстi бәтiңке;
2) қысқы:
кокардасы бар сұр түсті қаракөлден тігілген құлақшын;
тысталған және қаракөл жағасы бар көмкермесi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген погондары бар, төрт түймесi және сол жақ жеңiне жоғары офицерлер құрамының белгiленген үлгідегі жеңдегi белгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы пальто;
ашық бiр қаусырмалы күнделiктi китель және қаракөк түстi балағы түсiңкi шалбар;
қаракөк түсті галстугi бар көкшiл түстi көйлек;
қымталған қысқа қонышты бәтеңке;
қара түстi бәтiңке;
қара түстi қолғап;
қаракөк түстi бөкебай.
Салтанаттық киiм нысанын кию кезiнде мундирге ордендер, медальдар және омырау белгiлерi тағылады; бiр киер салтанат және күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде мундир мен кительге - ерекше айырым белгiлерi, ордендiк ленталар және планкадағы медальдар ленталары, омырау белгiлерi тағылады.
Мыналарды:
Қысқы киiм нысанын кию кезiнде бөрiктiң орнына фуражканы;
ашық үлгiдегi кительдiң орнына алмалы-салмалы погондары бар жүннен тоқылған сұр түстi свитердi;
күнделiктi пальтоның орнына қарсы iлгегi бар терiден жасалған қаракөк түстi күртешенi;
жазғы күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде және ауа температурасы Цельсий бойынша жиырма градустан жоғары кезде галстуксыз қысқа жең көйлекті;
жазғы бiр киер салтанат киiм нысанын кию кезiнде қос маусымдық пальто және ақ түстi бөкебаймен және жазғы күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде қаракөк түстi бөкебаймен плащ, сондай-ақ көктемгi уақытта жылы күндерi жазғы киiм нысанына ауысқанға дейiн және күзгi уақытта қысқы киiм нысанына ауысқаннан кейiн киюге киiп жүруге рұқсат етiледi.
күнделiктi кительмен ақ көйлек киiп жүруге рұқсат етiледi.
Мыналарға:
салтанат мундирiне - теңбiл түстi көмкермесi бар алтын түстес;
қаракөк түстi пальтоға және бiр киер салтанат мундирiне - теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстес;
көгiлдiр түстi көйлекке, күртешеге және свитерге - көмкермелерсiз қаракөк түстес;
қаракөк түстi пальтоға және күнделiктi кительге - теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстес;
ақ түстi көйлекке - ақ түстес погондар тағылады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қатардағы
және басшы құрамының киiм нысаны
4. Салтанаттық киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi және алтын түстi кокардасы бар қаракөк түстi жүннен жасалған фуражка;
бекiтiлген рельефтiк белгiсi бар төрт металл түймемен түймеленетiн, қайырмасында теңбiл түстi көмкермесi бар бiр қаусырмалы ашық қаракөк түстi китель. Китель жағасының қайырмасы теңбiл түстi көмкермесi бар классикалық ағылшын пiшiндес болады, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында кеуде тұсында металл түйме тәрiздес бедерлi қақпағы бар жапсыра тiгiлген және жиегі өрнектелген екi жапсырмалы қалтасы бар. Сол сияқты, қапталында екi жан қалтасы бедерлi қақпағымен тiгілген. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгiсi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледi. Кительдiң сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi тiгiледі. Матасы - жүннен;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар ақ түстi көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қара түсті. Maтасы - мaқта-мата.
тiгісiнде жан қалталары, теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi жүннен жасалған шалбар. Артқы оң жақ жарғысында қиып салынған жақтаулы, қиылған iлгегi бар қалта;
қысқа қонышты хром бәтiңке;
қара түстi бәтiңке;
2) қысқы:
алтын түстес кокардасы бар қаракөк түсті (полковниктерге сұр түстi қаракөлден тiгiлген) құлақшын;
тысталған және цигейка (полковниктерге қаракөл) жағасы бар, төрт түймесi, сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгіленген үлгідегi жеңдегi белгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы пальто;
қайырмасында теңбiл түстi көмкермесi бар ашық бiр қаусырмалы китель;
теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi балағы түсiңкі шалбар;
қара түстi галстугі бар ақ түстi көйлек;
қымталған қысқа қонышты етiк;
қысқа қонышты хром бәтiңке;
қара түстi бәтiңке;
5. Күнделiктi киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi және алтын түстi кокардасы бар қаракөк түстi жүннен жасалған фуражка;
бекiтiлген рельефтiк белгісi бар төрт металл түймемен түймеленетiн бiр қаусырмалы ашық қаракөк түстi китель. Китель жағасының қайырмасы классикалық ағылшын пiшiндес болады, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында кеуде тұсында металл түйме тәрiздес бедерлi қақпағы бар жапсыра тiгiлген және жиегi өрнектелген екi жапсырмалы қалтасы бар. Сол сияқты, қапталында екi жан қалтасы бедерлi қақпағымен тiгiлген. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгiсi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледi. Кительдiң сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi тiгiледi. Матасы - жүннен;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар көгiлдiр түстi көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қаракөк (қара) түстi. Матасы - мақта-мата.
тiгiсiнде жан қалталары, теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi жүн шалбар. Артқы оң жақ жартысында қиып салынған жақтаулы, қиылған iлгегi бар қалта;
қысқа қонышты хром бәтiңке;
қара түстi бәтiңке;
2) қысқы:
алтын түстес кокардасы бар қаракөк түстi (полковниктерге сұр түстi қаракөлден тігілген) құлақшын;
тысталған және цигейка (полковниктерге қаракөл) жағасы бар, төрт түймесi, сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы пальто;
ашық бiр қаусырмалы қаракөк түстi китель;
теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi балағы түсiңкі шалбар;
қаракөк (қара) түстi галстугi бар көкшiл түсті көйлек;
қысқа қонышты хром бәтiңке;
iшi жүн қысқа қонышты етiк;
қара түстi бәтiңке;
Мыналарды:
қысқы киiм нысанын кию кезiнде бөрiктiң орнына фуражканы;
ашық үлгiдегi кительдiң орнына алмалы-салмалы погондары бар жүннен жасалған сұрғылт түстi жемпiрдi;
жазғы күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде және ауа температурасы Цельсий бойынша жиырма градустан жоғарғы кезде галстуксыз көгiлдiр және ақ түстi қысқа жең көйлекті;
күнделiктi кительмен ақ көйлек киiп жүруге рұқсат етiледi.
Мыналарға:
офицерлердiң салтанат нысанындағы киiмiн кию кезiнде кителiне - теңбiл түстi көмкермесi бар алтын түстес;
офицерлердiң күнделiктi нысандағы киiмiн кию кезiнде кителiне және плащына теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстес;
көгiлдiр түстi көйлекке, күртешеге және жемпiрге - көмкермелерсiз қаракөк түстес;
ақ түстi көйлекке - ақ түстес погондар тағылады.
Салтанаттық киiм нысанын кию кезiнде мундирге ордендер, медальдар және омырау белгiлерi тағылады; бiр киер салтанаттық және күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде мундир мен кительге - ерекше айырым белгiлерi, ордендiк ленталар және планкадағы медальдар ленталары, омырау белгiлерi тағылады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы
және басшы құрамдағы әйелдерінiң, сондай-ақ оқу
орындарының курсант әйелдерінiң киiм нысаны
6. Салтанаттық киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi және алтын түстi кокардасы бар қаракөк түстi жүннен жасалған пилотка;
шеткi жиегi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген көмкермесi, белгіленген рельефтiк белгісi бар төрт металл түймемен түймеленетiн, қайырмасында теңбiл түстi көмкермесi бар бiр қаусырмалы ашық қаракөк түстi китель. Китель жағасының қайырмасы теңбiл түстi көмкермесi бар классикалық ағылшын пiшiндес болады, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында бедерлi қақпағы бар екi жапсырмалы қалтасы бар. Арқа тұстан артқы ортаңғы тігісi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледi. Кительдiң сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi тiгiледі. Матасы - жүннен;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар ақ түстi көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қара түстi. Матасы - мақта-мата.
белдемше - ұзартылған тiк, айрығы бар төменгі жағы тарылған, сыдырма түймесi артында;
шалбар қаракөк түстi, теңбiл түстi көмкермесi бар, алдыңғы жырығынсыз классикалық тiк, сыдырма түймесi бүйiрiнде;
хром туфли;
2) қысқы:
алтын түстес кокардасы бар қаракөк түстi (полковниктерге сұр түстi қаракөл) құлақшын;
тысталған және цигейка (полковниктерге қаракөл) жағасы бар, төрт түймесi, сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы пальто;
қайырмасында теңбiл түсті көмкермесi бар ашық бiр қаусырмалы қаракөк түстi китель;
белдемше - ұзартылған тiк, айрығы бар төменгi жағы тарылған, сыдырма түймесi артында;
қаракөк түстi шалбар, теңбiл түстi көмкермесi бар, алдыңғы жырығынсыз классикалық тiк, сыдырма түймесi бүйiрiнде;
қара түсті галстугі бар ақ түстi көйлек;
қымталған хром етiк;
қара түстi бәтіңке.
7. Күнделiктi киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi және алтын түстi кокардасы бар қаракөк түстi жүннен жасалған пилотка;
белгіленген рельефтiк белгiсi бар төрт металл түймемен түймеленетiн, бiр қаусырмалы ашық қаракөк түстi китель. Китель жағасы классикалық ағылшын пiшiндес болады, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында бедерлi қақпағы бар екi жапсырмалы қалтасы бар. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгісi етегінiң айырығына дейiн түсiрiледi. Кительдiң сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгіленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi тiгiледi. Матасы - жүннен;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар ақ түстi көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қаракөк (қара) түстi. Матасы - мақта-мата.
ұзартылған тiк, айрығы бар төменгi жағы тарылған белдемше, сыдырма түймесi артында;
шалбар қаракөк түсті, теңбiл түстi көмкермесi бар, алдыңғы жырығынсыз классикалық тiк сыдырма түймесi бүйiрiнде;
хром туфли;
2) қысқы:
алтын түстес кокардасы бар қаракөк түсті (полковниктерге сұр түстi қаракөл) құлақшын;
тысталған және цигейка (полковниктерге қаракөл) жағасы бар, төрт түймесi, сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегі жеңдегi белгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы пальто;
ашық бiр қаусырмалы қаракөк түстi китель;
ұзартылған тiк, айрығы бар төменгi жағы тарылған белдемше, сыдырма түймесi артында;
қаракөк түстi, теңбiл түстi көмкермесi бар, алдыңғы жырығынсыз классикалық тiк, бүйiрiнде сыдырма түймесi бар шалбар;
қаракөк түстi галстугi бар ақ түстi көйлек;
қымталған хром етiк;
қара түстi бәтiңке.
Мыналарды:
қысқы киiм нысанын кию кезiнде құлақшынның орнына пилотканы;
ашық үлгідегі кительдiң орнына алмалы-салмалы погондары бар жүннен тоқылған сұр түстi жемпiрдi;
жазғы күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде және ауа температурасы Цельсий бойынша жиырма градустан жоғарғы кезде галстуксiз қысқа жең көкшiл және ақ түстi көйлек;
күнделiктi кительмен ақ көйлек киiп жүруге рұқсат етiледi.
Мыналарға:
офицерлердiң салтанатты киiм нысанын киюi кезiнде кительге - теңбiл түстi көмкермесi бар алтын түстес;
көгiлдір түстi көйлекке және жемпiрге - көмкермелерсiз қаракөк түстес;
ақ түстi көйлекке - ақ түстес погондар тағылады.
Салтанаттық киiм нысанын кию кезiнде мундирге ордендер, медальдар және омырау белгiлерi тағылады; күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде мундир мен кительге - ерекше айырым белгiлерi, ордендiк ленталар және планкадағы медальдар ленталары, омырау белгiлерi тағылады.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң оқу
орындары курсанттарының киім нысаны
8. Салтанатты киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi және алтын түстi кокардасы бар қаракөк түстi жүннен жасалған фуражка;
белгiленген рельефтік белгiсi бар төрт металл түймемен түймеленетiн, бiр қаусырмалы ашық қаракөк түстi китель. Китель жағасының қайырмасы теңбiл түстi көмкермесi бар классикалық ағылшын пiшiндес болады, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында кеуде тұсында металл түйме тәрiздес бедерлi қақпағы бар жапсыра тiгiлген және жиегi өрнектелген екi жапсырмалы қалтасы бар. Сол сияқты, қапталында екi жан қалтасы бедерлi қақпағымен тiгiлген. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгiсi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледi. Матасы - жүннен. Кительдiң, сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi тiгiледi. Кительдiң оң жақ жеңiне ҚАЖ комитетi оқу орындары курсанттары мен тыңдаушыларының оқу курстары бойынша жеңдегi жапсырмасы тiгiледi;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар ақ түстi көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қара түстi. Матасы - мақта-мата;
тiгiсiнде жан қалталары, теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi жүннен жасалған шалбар;
қысқа қонышты хром бәтiңке;
2) қысқы:
алтын түстес кокардасы бар қаракөк түстi цигейка құлақшын;
тысталған және цигейка жағасы бар, төрт түймесi, сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгіленген үлгідегi жеңдегi белгісi бар қаракөк түстi бip қаусырмалы пальто;
қаракөк түстi ашық бiр қаусырмалы китель;
теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi балағы түсiңкi шалбар;
қара түстi галстугi бар ақ түстi көйлек;
қымталған қысқа қонышты етiк;
9. Күнделiктi киiм нысаны:
1) жазғы:
теңбiл түстi көмкермесi және алтын түстi кокардасы бар қаракөк түстi жүннен жасалған фуражка;
белгiленген рельефтiк белгiсi бар төрт металл түймемен түймеленетiн бiр қаусырмалы ашық қаракөк түстi китель. Китель жағасының қайырмасы классикалық ағылшын пiшiндес болады, жаға қайырмасының енi сегiз, сегiз жарым сантиметр. Китель қапталында кеуде тұсында металл түйме тәрiздес бедерлi қақпағы бар жапсыра тiгiлген және жиегi өрнектелген екi жапсырмалы қалтасы бар. Сол сияқты, қапталында екi жан қалтасы бедерлi қақпағымен тiгiлген. Арқа тұстан артқы ортаңғы тiгiсi етегiнiң айырығына дейiн түсiрiледi. Кительдiң сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi тiгіледi. Матасы - жүннен. Кительдiң оң жақ жеңiне ҚАЖ комитетi оқу орындары курсанттары мен тыңдаушыларының оқу курстары бойынша жеңдегi жапсырмасы тігіледi;
түймеленетiн жапсырмалы екi қалтасы бар көгілдiр түстi көйлек. Жеңдерi қысқа және ұзын, галстук қаракөк (қара) түсті. Матасы - мақта-мата.
тiгiсiнде жан қалталары, теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi жүн шалбар;
қысқа қонышты хром бәтiңке;
2) қысқы:
алтын түстес кокардасы бар цигейка құлақшын;
тысталған және цигейка жағасы бар, төрт түймесi, сол жақ жеңiне ҚАЖ-дың белгiленген үлгiдегi жеңдегi белгiсi бар қаракөк түстi бiр қаусырмалы пальто;
ашық бiр қаусырмалы қаракөк түстi китель;
теңбiл түстi көмкермесi бар қаракөк түстi балағы түсiңкi шалбар;
қаракөк түстi галстугі бар көкшiл түстi көйлек;
қымталған қысқа қонышты етiк.
Мыналарды:
қысқы киiм нысанын кию кезiнде бөрiктiң орнына фуражканы;
ашық үлгiдегi кительдiң орнына жүннен тоқылған жемпiрдi;
жазғы күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде және ауа температурасы Цельсий бойынша жиырма градустан жоғарғы кезде галстуксiз көкшiл және ақ түстi қысқа жең көйлектi;
күнделiктi кительмен ақ көйлек киiп жүруге рұқсат етiледi.
Мыналарға:
салтанаттық киiм нысанын кию кезiнде кительге - теңбiл түстi көмкермесi бар алтын түстес;
күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде кительге және пальтоға - көмкермесiз қаракөк түстес;
көйлекке, күртешеге және жемпiрге - көмкермесiз қаракөк түстес погондар тағылады.
Салтанатты киiм нысанын кию кезiнде мундирге ордендер, медальдар және омырау белгiлерi тағылады; күнделiктi киiм нысанын кию кезiнде мундир мен кительге - ерекше айырым белгiлерi, ордендiк ленталар және планкаларға медальдар ленталары, омырау белгiлерi тағылады.
5. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары, аға, орта, кiшi
және қатардағы басшы құрамының айырым
белгілерiнiң сипаттамасы
10. ҚАЖ қызметкерлерiнiң айырым белгiлерi:
ҚАЖ қызметкерлерiнiң айырым белгiлерi погондардан, кокардалардан, эмблемалардан, жеңдегi белгілерден, бас киiмдердегi және киiм-кешектердегi тiгiстерден тұрады және атақ белгiлеу үшiн қызмет етедi;
погондар салтанаттық және күнделiктi болып белгiленген. Киiм-кешекке бекiтiлу тәсiлiне қарай олар сыртына тiгiлетiн, iшiне тiгілетiн және алмалы-салмалы болуы мүмкiн;
погон алаңына тиiстi берiлген атаққа сәйкес былайша: бейнелер, бес бұрышты жұлдыздар мен жұлдызшалар, әрiптер мен рәмiздер орналастырылады;
погондар көлемi: ұзындығы 13 сантиметр, енi 5 сантиметр алмалы-салмалы, сондай-ақ ұзындығы 11 сантиметр муфта үлгiсiндегi алмалы-салмалы погондар.
погондардың жиегi ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын жалатылған жiппен немесе матамен әдіптелген ерекше өрiлiмдегі оқадан жасалады.
11. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi жоғары басшы құрамының погондары:
1) салтанаттық және бiр киер погондар:
алтын жалатылған жiппен көмкерiлген погондар;
погон жиегi ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын түстi металл жiбi бар тұтас полотнодан жасалады (бiр киер мундирде күміс түсті ұлттық өрнекпен өрнектелген сұрғылт түсті мата полотносынан жасалады). Погон табаны теңбiл түсті;
генералдар погондарында алтын жалатылған жiппен диаметрi 22 миллиметр болатын жұлдыздар кестеленген. Бүркiт погонның төменгi бөлiгіне алтын жалатылған жiппен кестеленген. Көйлектегi погондар алтын жалатылған жiппен көмкерiлген. Погондар жиегi ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын түстес металл жiбi бар ақ түстi мата жаймасынан жасалады, бүркiт алтын жалатылған жiппен кестеленген;
2) күнделiктi погондар:
погондар алтын жалатылған жiппен көмкерiлген. Погон жиегi қаракөк түстi мата жаймасынан жасалады, алтынмен апталған ұлттық өрнекпен өрнектелген. Көйлектегi погондар алтынмен апталған қаракөк түстi мата жаймасынан жасалады. Погон көмкермелерi алтын жалатылған жiппен көмкерiлген.
12. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрамы аға, орта және кiшi басшы құрамының погондары.
1) салтанаттық погондар:
погондар жиекті, теңбiл түстi көмкермелерi бар алтын түстес тұтас мата жаймасынан жасалған. Погондардағы ұлттық өрнек алтын түсті. Аға офицер құрамының погондарына диаметрi - 20 миллиметр болатын жұлдызшалар, орта офицер құрамының погондарында диаметрi - 14 миллиметр болатын жұлдызшалар орналасады. Погондардағы жұлдызшалардың саны әскери атағына сәйкес келеді. Погонның жоғарғы бөлiгiнде диаметрi - 14 миллиметр болатын елтаңбасы бар алтын түстес нысанды түйме орналасады. Погонның төменгi бөлiгiне қандай да бiр басшы құрамға жататындығын айқындайтын алтын түстес көлденең жолақтар (жарықтар) орналасады. Орта басшы құрамда - бiр жолақ, ал аға басшы құрамда екі жолақ болады. Кiшi және қатардағы басшы құрамның погондарында жарықтар болмайды. Көйлектегi погондар ақ түстi мата жаймасынан жасалған жиегі, түймесi, ұлттық өрнегі болады;
2) күнделiкті погондар:
қаракөк түстi мата жаймасынан жасалған жиегi бар, өрнегi алтын түстес, көмкермесi теңбiл түстес. Погонның жоғарғы бөлiгiнде диаметрi - 14 миллиметр болатын елтаңбасы бар алтын түстес нысанды түйме орналасады. Погонның төменгi бөлiгiне қандай да бiр басшы құрамға жататындығын айқындайтын алтын түстес көлденең жолақтар (жарықтар) орналасады. Opтa басшы құрамда - бiр жолақ, ал аға басшы құрамда екi жолақ болады. Кiшi және қатардағы басшы құрамда жолақтар болмайды.
13. Қылмыстық-атқару жүйесi оқу орындары курсанттарының погондары:
1) салтанаттық погондар:
теңбiл түстес көмкермесi алтын түстес салтанаттық погондар, олардың үстiне төменгi бөлiгiндегi "K" әрпi және мынадай әскери атақтар орналасқан:
"Қатардағы жауынгер", "Кiшi сержант", "Сержант", "Аға сержант", "Старшина", "Прапорщик", "Аға прапорщик".
2) күнделiктi погондар:
теңбiл түстес көмкермесi, қаракөк түстес мата жаймасынан жасалған жиегi бар погондар, олардың үстiне төменгi бөлiгiнде "K" әрпi және мынадай әскери атақтар орналасқан: "Қатардағы жауынгер", "Кiшi сержант", "Сержант", "Аға сержант", "Старшина", "Прапорщик", "Аға прапорщик".
14. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң жеңдегі белгiлерi:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi ҚАЖ-дың жеңдегi белгiсi көк түстi қалқан нысанындағы матадан тiгiлген шевронды бiлдiредi: ортасында алтын түстес "Әділет" деген эмблема кескiнi, эмблема ортасына қарай "АТҚАРУ" деген жазу, оң жағынан "ЖҮЙЕСI" деген жазу, сол жағынан "ҚЫЛМЫСТЫҚ" деген жазу; iшкi периметрi бойынша - алтын түстес тігілген аптау, жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік ту түстес фонда "ҚАЗАҚCTAH" деген жазу, төменгі бөлiгінде - "ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛIГI" деген жазу және алтын түстес бидай масағы түзiлген, шевронның сыртқы аптауы теңбiл түстi жiппен тiгілген.
15. Жоғары, аға, орта, кiшi және қатардағы басшы құрамның бас киiмдерiндегi және нысанды киiм-кешектерiндегi кокардалар, эмблемалар және тiгiстер:
ҚАЖ органдары жоғары, аға, орта, кiшi және қатардағы басшы құрамының салтанаттық, бiр киер және күнделiктi фуражкаларына, бөрiктерiне тағылатын эмблемасы бар кокарда - стандартты болады.
Жоғары офицер құрамының және полковниктердiң бөрiктерiне тағылатын кокарда бiрдейлендірiлген.
Қазақстан Республикасы ҚАЖ офицерлерiнiң нысандық киім кешегiндегi түймелерi мынадай диаметрлерде жасалады: үлкендерi - 24 миллиметр, (жоғары офицерлер құрамы үшiн - 22 миллиметр).
ҚАЖ жоғары офицерлер құрамы мен офицерлерiнiң түймелерiнде - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген.
Жоғары басшы офицер құрамының салтанаттық мундирі мен күнделiктi кителіндегi тігісi ұлттық өрнек түрiнде алтын жалатылған оюмен орындалады. Салтанаттық мундирде - жағасы мен жеңiнде, күнделiктi кительде - жағасында.
ҚАЖ органдары аға, орта, кіші және қатардағы басшы құрамының салтанаттық, бір киер мундирі мен күнделікті кителінің жағасына екі жағынан алтын түстес "Әділет" деген эмблема бекітіледі.
Жоғары офицерлер құрамы киім-кешегінің погондары мен жағасына "Әділет" деген эмблема тағылмайды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы атақтар берілген қызметкерлерінің нысанды киімдерінің тиесілік нормалары
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі органдарының жоғары басшы
құрамын заттай мүлікпен жабдықтау
------------------------------------------------------------------
Р/с! Заттардың атауы ! Адам басына !Кию ! Аталмыш затты
N ! ! шаққандағы !мерзімі! беру кезінде
! ! заттардың ! ! қолданылатын
! ! саны ! ! ескерту N
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5
------------------------------------------------------------------
1. Киім-кешек
1 Бір киер фуражка 1 дана 5 жыл -
2 Күнделікті фуражка 1 дана 3 жыл -
3 Қаракөлден жасалған 1 дана 7 жыл -
бөрік
4 Күнделікті пальто 1 дана 4 жыл -
5 Салтанатқа киетін 1 дана 5 жыл -
мундир
6 Жеңдегі белгісі бар 1 дана 3 жыл -
күнделікті китель
7 Бір киер балағы 1 дана 5 жыл -
түсіңкі шалбар
8 Күнделікті балағы 2 дана 3 жыл -
түсіңкі шалбар
9 Маусымдық пальто 1 дана 6 жыл -
10 Сұр түсті жемпір 1 дана 3 жыл -
11 Қысқы жүнді күртеше 1 дана 6 жыл 1
12 Былғары биялай 1 сыңар 1 жыл 1
13 Тоқыма ақ түсті биялай 1 сыңар 1 жыл 1
2. Аяқ киім
14 Қысқа қонышты хром етік 1 сыңар 1 жыл -
15 Қымталған қысқа 1 сыңар 5 жыл 1
қонышты бәтіңке
16 Іші жүн биік қонышты 1 сыңар 3 жыл 1
етік
17 Жазғы биік қонышты 1 сыңар 3 жыл -
етік
3. Іш киім
18 Жеңі ұзын көкшіл 2 дана 3 жыл -
түсті көйлек
19 Жеңі қысқа көкшіл 2 дана 3 жыл -
түсті көйлек
20 Жеңі ұзын ақ түсті 1 дана 1 жыл -
көйлек
21 Жеңі қысқа ақ түсті 1 дана 1 жыл -
көйлек
22 Қара түсті галстук 1 дана 2 жыл -
23 Бөкебай 2 дана 2 жыл 2
4. Жарақ
24 Салтанаттық белбеу 1 жиынтық 7 жыл -
25 Күнделікті жабдықтау 1 жиынтық 5 жыл -
------------------------------------------------------------------
Генералдарға, олардың қалауы бойынша ауыстырылатын зат құнының шегінде, жабдықтау нормасында көзделген заттардың орнына басқасын беруге рұқсат етіледі.
Погондар мен фурнитураны беру нысандық киім-кешектің әрбір бұйымына бөлек жүргізіледі.
Ескертулер:
1. Бөлек төленген ақысына беріледі.
2. Біреуі ақ түсті және екіншісі қаракөк түсті бөкебай беріледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы адамдарын заттай мүлікпен жабдықтау
------------------------------------------------------------------
Р/с! Заттардың атауы ! Адам басына !Кию ! Аталмыш затты
N ! ! шаққандағы !мерзімі! беру кезінде
! ! заттардың ! ! қолданылатын
! ! саны ! ! ескерту N
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5
------------------------------------------------------------------
1. Киім-кешек
1 Бір киер фуражка 1 дана 2 жыл -
2 Күнделікті фуражка 1 дана 2 жыл -
3 Қаракөлден жасалған 1 дана 5 жыл 1
бөрік (полковниктер
үшін)
4 Қой терісінен 1 дана 3 жыл 2
жасалған бөрік
5 Алмалы-салмалы қаракөл 1 дана 5 жыл -
жағалы бір киер пальто
(полковниктер үшін)
6 Алмалы-салмалы қой 1 дана 5 жыл -
терісінен жасалған
жағасы бар бір киер
пальто
7 Бір киер мундир 1 дана 5 жыл -
8 Погондары мен 1 дана 2,5 жыл -
эмблемалары бар
күнделікті китель
9 Камуфляж түстес 1 дана 4 жыл 5
мақта-матадан
жасалған күртеше
10 Камуфляж түстес 1 дана 4 жыл 5
мақта-матадан
жасалған тік
тігілген шалбар
11 Күнделікті балағы 2 дана 2 жыл -
түсіңкі шалбар
12 Алмалы-салмалы 1 дана 4 жыл 4
қымтамасы бар
плащ-пальто
13 Аралас матадан 1 дана 1,5 жыл -
тігілген балағы
түсіңкі шалбар
14 Сұр түсті жемпір 1 дана 3 жыл -
2. Аяқ киім
15 Қымталған қысқа 1 сыңар 2,5 жыл -
қонышты етік
16 Қысқа қонышты хром 1 сыңар 1,5 жыл -
бәтіңке
17 Биік қонышты бәтіңке 1 сыңар 2 жыл -
3. Іш киім
18 Жеңі ұзын көкшіл 2 дана 3 жыл -
түсті көйлек
19 Жеңі ұзын ақ 1 дана 2,5 жыл -
түсті көйлек
20 Жеңі қысқа ақ 1 дана 2 жыл 3
түсті көйлек
21 Жеңі қысқа көкшіл түсті 1 дана 2 жыл 3
көйлек
22 Қара түсті галстук 3 дана 2 жыл -
23 Жылы іш киім 1 дана 2 жыл -
24 Жеңі ұзын ақ түсті 1 дана 1 жыл -
мәйкі
25 Жеңі қысқа ақ түсті 1 дана 1 жыл -
мәйкі
4. Жарақ
26 Қара былғары белдік 1 жиынтық 4 жыл -
белбеу
27 Шалбардың былғары 1 жиынтық 5 жыл -
белдігі
------------------------------------------------------------------
Басшы және қатардағы құрам адамдарына погондар мен фурнитура беру әрбір берілген нысандық киім кешек бұйымына алынған арнайы атақтарына сәйкес бөлек жүргізіледі.
Басшы құрам адамдарына кезекті арнаулы атақ берілгенде, бұрын берілген заттай мүлік заттары пальтоға, плащ-пальтоға, мундирге, кительге және көйлекке 1 сыңардан берілген атағына сәйкес айырым белгілері бар погондарын бере отырып, оларға (қалған кию мерзіміне) жоспарлық қамтамасыз етуіне есептеледі.
Ескертулер:
1. Суық климатты аудандарда 6 жылға беріледі.
2. Суық климатты аудандарда 2,5 жылға беріледі.
3. Суық климатты аудандарда 3 жылға беріледі.
4. Аға және орта басшы құрам адамдарына ғана беріледі.
5. Ашық алаңқайда жедел-қызмет іс-шараларын жүзеге асыратын саптық бөлімшелердің аға және орта басшы құрам адамдарына беріледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы әйелдерін заттай мүлікпен жабдықтау
------------------------------------------------------------------
Р/с! Заттардың атауы ! Адам басына !Кию ! Аталмыш затты
N ! ! шаққандағы !мерзімі! беру кезінде
! ! заттардың ! ! қолданылатын
! ! саны ! ! ескерту N
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5
------------------------------------------------------------------
1. Киім-кешек
1 Жүннен жасалған пилотка 1 дана 3 жыл -
2 Қаракөлден жасалған 1 дана 5 жыл 1
бөрік (полковниктер
үшін)
3 Қой терісінен 1 дана 3 жыл -
жасалған бөрік
4 Алмалы-салмалы қаракөл 1 дана 5 жыл -
жағалы бір киер пальто
(полковниктер үшін)
5 Алмалы-салмалы қой 1 дана 5 жыл -
терісінен жасалған
жағасы бар бір киер
пальто
6 Бір киер мундир 1 дана 5 жыл -
7 Жүннен тігілген 2 дана 6 жыл -
күнделікті юбка
8 Тік тігілген 1 дана 1,5 жыл -
күнделікті шалбар
9 Сұр түсті свитер 1 дана 3 жыл -
10 Аралас матадан 1 дана 1,5 жыл -
тігілген балағы
түсіңкі шалбар
2. Аяқ киім
11 Хром туфли 1 сыңар 1,5 жыл -
12 Қымталған хром етік 1 сыңар 2 жыл -
13 Биік қонышты бәтеңкелер 1 сыңар 2 жыл -
3. Іш киім
14 Жеңі ұзын ақ түсті 1 дана 2,5 жыл -
көйлек (блузка)
15 Жеңі қысқа ақ 1 дана 2 жыл 2
түсті көйлек (блузка)
16 Жеңі ұзын көкшіл 2 дана 3 жыл -
түсті көйлек (блузка)
17 Жеңі қысқа көкшіл түсті 1 дана 2 жыл 2
көйлек (блузка)
18 Қара түсті галстук 3 дана 2 жыл -
19 Мақта-матадан жасалған 2 дана 1 жыл -
жейде және трико
4. Жарақ
20 Қара былғары белдік 1 жиынтық 4 жыл -
белбеу
21 Шалбардың былғары 1 жиынтық 5 жыл -
белдігі
------------------------------------------------------------------
Басшы және қатардағы құрам адамдарына погондар мен фурнитура беру әрбір берілген нысандық киім кешек бұйымына алынған арнайы атақтарына сәйкес бөлек жүргізіледі.
Басшы құрам адамдарына кезекті арнаулы атақ берілгенде, бұрын берілген заттай мүлік заттары пальтоға, плащ-пальтоға, мундирге, кительге және көйлекке 1 сыңардан берілген атағына сәйкес айырым белгілері бар погондарын бере отырып, оларға (қалған кию мерзіміне) жоспарлық қамтамасыз етуіне есептеледі.
Ескертулер:
1. Суық климатты аудандарда 4 жылға беріледі.
2. Суық климатты аудандарда 3 жылға беріледі.