Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 1294

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 123-14-жолдағы "Биоген" ЖАҚ" деген сөздер "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-18-жолмен толықтырылсын:
      "222-18. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ";
      3) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ж, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
      көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
      "37. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты ЖАҚ (Алматы қаласы) 54 пайыз".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі