Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 қараша N 1272

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Гранттар тарту және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 286-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар тарту және пайдалану ережесiнде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi:
      1) байланысты грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi;
      2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi.";
      21-тармақтағы "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі