Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
"Бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 13-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Мәтіндегi "тиiстi" деген сөз "белгілi бiр" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады әрі жеке және заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi), сондай-ақ орталық атқарушы органдары және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) қатысатын республиканың тауар рыноктарындағы бәсекеге ықпал ететiн немесе ықпал етуi мүмкiн қатынастарға қолданылады.".
3. 3-баптың 1-тармағындағы мемлекеттiк тілдегi мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң, осы Заңның нормаларынан" деген сөздер "осы Заңнан" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 4-бапта:
1) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) белгiлi бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзілiмi (бұдан әрi - тiзiлiм) - үстем (монополиялық) жағдайын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес монополияға қарсы орган белгiлеген рынок субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi;";
2) 6) тармақшадағы "қосымша" деген сөз "монополиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) - азаматтық айналым объектiсi болып табылатын мүлiктiк игілiк және (немесе) мүлiктік құқық;";
4) 13) тармақшадағы "тауар" деген сөзден кейiн "(жұмыстар, қызметтер көрсету, қаржылық қызметтердi қоса алғанда) деген сөздермен толықтырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) монополиялық тауар (жұмыс, қызмет көрсету) - өндiру немесе сату бойынша рынок субъектiсi белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайды иеленетiн тауар (жұмыс, қызмет көрсету);
15) тұлғалар тобы - олардың арасындағы мәмiлелердiң (операциялардың) экономикалық нәтижелерiне әсер ете алатын айрықша өзара қатынастары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып танылатын өзара тәуелдi немесе өзара байланысты тараптар. Мұндай айрықша өзара қатынастар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген шарттарды қамтиды;
16) қаржылық қызметтер - сақтандыру рыногына, бағалы қағаздар рыногына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын банктiк қызмет.".
5. 5-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "заң актiлерiнде" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлерде" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 6-баптың 7) тармақшасындағы "органдардың" деген сөзден кейiн "бәсекенi дамыту және" деген сөздермен толықтырылсын.
7. 7-бапта:
1) 1) тармақша "тауар рыногында" деген сөздердiң алдынан "тауар рыногында бәсекені жай-күйiн айқындау және" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5) тармақша "субъектiлерiнiң" деген сөзден кейiн "және олардың бiрлестiктерiнің" деген сөздермен толықтырылсын.
8. 8-баптың 2-тармағында:
1) 1) тармақша "қымбат" деген сөзден кейiн "(арзан)" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 2) тармақша "мiндеттi лицензиялауды енгiзу" деген сөздерден кейiн "не лицензияның күшiн тоқтата тұру" деген сөздермен толықтырылсын.
9. 9-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) монополияға қарсы заңдардың бұзылуына жол берген рынок субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға және олардың лауазымды адамдарына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;".
10. 10-бапта:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Рынок субъектілерi, мемлекеттiк органдар және олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ рынок субъектiлерiнiң бiрлестiктерi монополияға қарсы органның талабы бойынша оның мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға қажеттi шынайы құжаттар мен өзге де ақпаратты, оның iшiнде жол берiлген монополияға қарсы заң бұзушылыққа орай жазбаша түсiнiктемелер ұсынуға мiндеттi.";
2) 3-тармақ алынып тасталсын.
11. 12-баптың мемлекеттік тілдегi мәтiнiндегi 5) тармақшадағы "мiндеттi" деген сөздiң алдынан мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) өз құзыретiнiң шегiнде монополияға қарсы органдарға монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер мен функцияларды орындауға жәрдемдесуге".
12. 14-бапта:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өндiру немесе сату мүмкiн болған жағдайда, оларды өндiрудi немесе сатуды негізсiз қысқартуға немесе тоқтатуға;";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Рынок субъектiлерінің бiрлестiктерiне өз нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн не шектеуi мүмкiн заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру мақсатында шешiмдер қабылдауына және (немесе) iс-әрекеттердi жүзеге асыруына тыйым салынады.".
3) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Бәсекенi шектейтiн рынок субъектiлерiнiң келiсiмдерiн (келiсілген iс-әрекеттерiн) анықтауды монополияға қарсы орган құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес жүзеге асырады.".
13. 15-баптың бiрiншi абзацындағы "не" деген сөз "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Рынок субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайы
1. Рынок субъектiсi (тұлғалар тобы), егер мынадай шарттар орындалса, белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие деп танылады:
1) егер оның белгiлi бiр тауар рыногындағы үлесi жыл сайын монополияға қарсы орган белгiлейтiн шектi шамадан асып кетсе. Бұл ретте белгiлi бiр тауар рыногындағы үлесi 35 проценттен аспайтын рынок субъектiсінің жағдайы, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, үстем (монополиялық) деп танылмайды;
не оның рыноктағы үлесi 35 және одан кем проценттi құраса, бiрақ ол бәсекелестерге тиесiлі рынок үлестерiнiң салыстырмалы аз мөлшерiнiң және рынок субъектiсiнiң белгiлi бiр тауар рыногындағы үлесiнің соңғы екi жыл iшiндегi тұрақтылығы салдарынан елеулi бәсекеге ие болмаса,
не егер бiрнеше рынок субъектiлерiнiң әрқайсысы, егер тұтастай алғанда, олардың бәрiне қатысты мынадай шарттар орындалатын болса;
рынок субъектiсiнiң екеуiнен аспайтын белгiлi бiр тауар рыногындағы жиынтық үлесi 50 және одан да көп проценттi құраса;
белгiлi бiр тауар рыногындағы рынок субъектiсiнiң үшеуiнен аспайтын жиынтық үлесi 70 және одан да көп проценттi құраса.
2) олар өндiрген немесе сатқан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) бағалары халықтың тiршiлiк деңгейiне елеулi әсер етсе,
не ол монополистiк қызметтi жүзеге асырса,
не рыноктың басқа субъектiлерiнің шикiзат, материалдар сатып алуға және тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатуға қатысты қол жеткiзу мүмкiндiктерiнiң шектеулiлiгi, рыноктың басқа субъектiлерiнiң рыногына қол жеткiзу үшiн кедергілердiң болуы, жеңілдiктердiң болуы салдарынан елеулi бәсекеге ие болмаса.
Белгiлi бiр тауар рыногының шекараларын айқындау ережесiн және рынок субъектiсiн үстем (монополиялық) жағдайға ие деп тануды монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган, ал қаржылық қызметтер саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлейдi.
Егер халықаралық шартпен немесе келiсiм-шартпен рынок субъектiсiне үстем (монополиялық) жағдай берiлсе, осы шарт немесе келiсiм-шарт монополияға қарсы органмен келiсiлуге тиiс.
2. Монополияға қарсы орган белгiлi бiр тауар рыноктарында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеу үшiн монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен тiзiлiмдер жасайды және жүргiзедi.
3. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерi монополияға қарсы органға мынадай ақпаратты ұсынуға мiндеттi:
1) қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп;
2) кәсiпорынның акцияларын (үлестерiн, пайларын) сату және (немесе) басқаруға беру туралы мәлiметтер;
3) монополиялық тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) жөнiндегi ақпарат: өндiру немесе сату көлемдерi, босату бағалары мен өндiрудің немесе сатудың кірiстiлiгi.
4. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерi:
1) баға түзудiң белгіленген тәртiбiн сақтауға және монополиялық тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) бағаларының (тарифтерiнiң) алдағы уақытта өзгеретiнiн монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен монополияға қарсы органмен келiсуге;
2) монополияға қарсы органмен келiсiлген жария шарттардың негiзiнде монополиялық тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатуға;
3) осы заңмен белгiленген өзге де талаптарды сақтауға міндеттi.
5. Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсінің нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн немесе шектеуi мүмкiн, өзінің үстем (монополиялық) жағдайын терiс пайдаланатын iс-әрекеттерiне, оған қоса:
1) монополиялық қымбат (арзан) баға белгiлеу;
2) контрагентке шарт мәнiне жатпайтын талаптарды таңу, контрагенттi рыноктың басқа субъектiлерiмен салыстырғанда тең емес жағдайға душар ететiн кемсiтушi талаптарды шартқа енгiзу, оған осы талаптар енгізiлген жағдайда ғана шарт жасасуға келiсу;
3) тауар рыногында тапшылық жасау немесе оны ұстап тұру не бағаны қымбаттату (арзандату) мақсатында тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) айналыстан алып тастау;
4) рыноктың басқа субъектiлерiнiң тауар рыногына кiруiне кедергi келтiру;
5) нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген баға белгiлеу тәртiбiн бұзу;
6) тұтынушылардың сұранысына немесе тапсырыстарына ие болып отырған тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өндiруге немесе сатуға мүмкiндiгi бола тұрып, өндiрудi немесе сатуды негiзсiз қысқарту немесе тоқтата тұру сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады және олар жарамсыз деп танылады.".
15. 17-баптың 1-тармағының бiрiншi және екiншi абзацтары "Рынок субъектiлерi" деген сөздерден кейiн "немесе олардың бiрлестiктерi" деген сөздермен толықтырылсын.
16. 18-бапта:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасындағы "иелiгiнен шығарып отырған" деген сөздерден кейiн "немесе берiп отырған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақ және 5-тармақтың бiрiншi бөлiгi "100 000 есе" деген сөздерден кейiн ", ал қаржылық қызметтер көрсететiн рынок субъектiсi (тұлғалар тобы) үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген мөлшерден" деген сөздермен толықтырылсын.
17. 19-баптың 1-тармағындағы "күнтізбелік" деген сөз алынып тасталсын.
18. 24-баптың 3-тармағы алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті