Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 23 қараша N 1243

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-3-жолмен толықтырылсын:
      "217-3 АЛА - 004142              "Қазақстан Эксимбанкі" ААҚ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі