Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бөлінетін материалдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.02.27. N 208
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорын жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 529-1-жолмен толықтырылсын:
"529-1 "Жезқазғансирекмет"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Жезқазған қаласы";
2) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.";
3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
"7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Жезқазған қаласы".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі