Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мына қоса беріліп отырғандар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнесті қолдау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi туралы ереже;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi туралы ереже;
5) <*>
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
7) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi комитеттерінің құрылымдары;
8) <*>
9) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi;
10) <*>
11) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi.
Ескерту. 10)-тармақша алып тасталды - ҚРҮ-нің 2003.03.13. N 244
қаулысымен.
Ескерту. 5)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467
қаулысымен.
Ескерту. 8)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
2. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Демпингке қарсы бақылау жөнiндегi комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң жаңадан құрылған Сауда комитетiне берiле отырып, таратылсын;
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеті оның мүлкi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң жаңадан құрылған Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiне берiле отырып, таратылсын;
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнң жаңадан құрылған Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiне берiле отырып, таратылсын;
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің жаңадан құрылған Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне беріле отырып, таратылсын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің жаңадан құрылған Инвестициялар жөнiндегi комитетiне берiле отырып, таратылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 48-1-жолмен толықтырылсын:
"48-1 Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс Алматы қаласы
және сәулет ғылыми-зерттеу және
жобалау-эксперименталдық институты
(Қаз СҚСҒЗИ) ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы 659
қаулысына
:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 264-жолдағы "Құрылысконсалтинг ЖАҚ" деген сөздер "Құрылысконсалтинг ААҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының
Yкiметiнiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетi туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi (бұдан әрi - Комитет), Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес сауда қызметiн реттеу және демпингке қарсы, қорғау және өтемақы шараларын қолдану саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттік берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 37.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджетке жiберiледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) сауда саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен iске асыруға қатысу;
2) сауда қызметiн дамыту саласындағы басымдықтарды әзiрлеу;
3) сауда қызметін салааралық үйлестiрудi жүйеге асыру;
4) тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау жөнiнде кешендi шаралар жүргiзу;
5) сауда қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
6) сауда қызметi саласында әдістемелік материалдар әзiрлеу;
7) сауда теңгерiмi мен экспорт пен импорт құрылымын жақсарту жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысу;
8) сауда қызметiн демпингке қарсы реттеуге жалпы басшылық ету;
9) шетел мемлекетi (шетел мемлекеттерi одағы) субсидиялаған тауарлардың импорты кезiнде бақылау мен анықтауды жүргiзу және өтемақы шараларын енгiзу;
10) айтарлықтай залал келтiру фактiлерi бойынша жеткiзушiлердiң сауда практикасына мемлекеттік реттеудi және бақылауды жүзеге асыру;
11) тарифтік және тарифтік емес реттеу әдiстерiмен сыртқы сауда қызметiн реттеуге қатысу болып табылады.
10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сауда саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) тауарлардың сауда қызметiн дамыту және өндiрiсi мен оларды сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) тауарлардың импорты мен экспортын реттеу жөнiнде шаралар әзiрлеу;
4) сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарларға қол жеткiзудi шектейтін сыртқы сауда дауларын реттеу жөнiнде шаралар әзiрлеу;
5) мүдделі мемлекеттiк органдардың қатысуымен қазақстандық өндiрушiлерге және экспорттаушыларға шетел мемлекеттерi рыноктарында олардың экономикалық мүдделерін қорғау мәселелерi жөнiнде әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
6) Қазақстан Республикасының бір немесе бiрнеше мемлекетке қатысты халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу мүмкiндiгi туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзу;
7) сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерiстер енгiзу және сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк реттеу мiндеттерiне сәйкес оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысу және беру;
8) өз құзыретiнің шегiнде iшкi сауда саласында және тұтыну рыногында экономикалық бағдарламаларды iске асыруға қатысу, кәсіпкерлiктi дамытуды ынталандыру, баға құрылымы жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
9) теңгерiмдi iшкi рынокты құруға бағытталған қорғаушы-көтермелеу шараларының жүйесiн әзiрлеу;
10) Қазақстан Республикасының кеден-тарифтiк саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысу;
11) экспорттың өсуiне және әртараптануына жәрдемдесу;
12) материалдық залал әкелетiн немесе материалдық залал қаупiн туғызатын тауарлар импорты кезiнде ішкі рыноктағы отандық тауар өндiрушiлерді қорғау;
13) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн келеңсіз салдарды жою үшiн демпингке қарсы, қорғау және өтемақы баждарының мөлшерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
14) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, сыртқы саудада экономикалық мүдделерді қорғау үшiн анықтаулар жүргізу жөнiндегi әдістемелік амалдарды жетiлдiру мен дамыту;
15) тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен сыртқы экономикалық қызметті реттеу шаралары жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
16) халықаралық экономикалық интеграция стратегиясын әзiрлеуге қатысу;
17) сыртқы сауданы, Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларын жүргiзу тәртiбiн, шетелдермен өзара қарым-қатынастарды жетiлдiру жөнiнде ұсынымдарды дамыту мен дайындауды талдау, халықаралық экономикалық ұйымдардың жұмысына қатысу;
18) сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссия жұмысына қатысу;
19) әлемдiк рынокта сұранысқа ие болған бәсекелесуге қабiлетті тауарлардың өндiрiсiн ұлғайту жөнiнде iс-шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу, сондай-ақ тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту жөнiнде шараларды белсендi жүргiзу бойынша ұсыныстар енгiзу;
20) сауда қатынастарын жетiлдiру мақсатында қоғамдық бiрлестiктердiң, жеке кәсіпкерлер мен азаматтардың ұсыныстарына талдау жүргiзу және оларды қарау;
21) мемлекетаралық және республикалық сауда көрмелерiн, жәрмеңкелердi, аукциондарды, жарнамаларды және басқа да сауданы дамытуға байланысты іс-шараларды өткiзуге дайындау және қатысу, республикалық және халықаралық деңгейде семинарлар, бизнес-форумдар және iскерлiк орталардың кездесуiн ұйымдастыру;
22) тауарлар импорты кезiнде туындайтын терiс пиғылды бәсекелестiктi анықтау мақсатында тауар рыноктарының мониторинг жүзеге асыру;
23) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, отандық рынокты қорғау үшiн анықтауларды өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк тәсiлдердi жетiлдiру мен дамыту;
24) сауда және өндiрiстiк қызмет мониторингiн жүзеге асыру, айтарлықтай шығын немесе оның туындау қаупiнің болуын және демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк шаралар қажеттілiгiн анықтау жөнiнде анықтаулар жүргiзу;
25) тауарлар импортының көлемi өскен не демпингтік тауарлар не шетел мемлекетi (шетел мемлекеттері одағы) субсидиялайтын тауарлар импортынан туындаған терiс пиғылды бәсекелестік кезiнде отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiштердi қарау және анықтаулар жүргiзу;
26) тауар импорты көлемiнiң өсуiнен болған айтарлықтай шығынды анықтау не тауарлардың демпингiнен не шетел мемлекетi (шетел мемлекеттерi одағы) субсидиялаған импорттан материалдық шығынның болуын анықтау;
27) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметіне кейіннен енгiзу үшiн материалдар дайындау;
28) ұлттық экономикаға демпингке қарсы, қорғау және өтемақы шараларын енгiзу ықпалын бағалау;
29) өз құзыретiнiң шегiнде импорттық тауарлар жеткiзушiлерiнiң бағасы бойынша міндеттемелердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
30) талқылаулар жүргiзiлетiн тауарлар импортының мониторингi, сондай-ақ талқылаулар бойынша деректер банкiн құру және жүргiзу;
31) iшкi және сыртқы тауар рыноктарында конъюнктураны зерделеу және экспорт пен импорт құрылымдарын жетiлдіру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
32) өз құзыретiнің мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын келiсу;
33) сауда қызметi саласында заңнаманың қолданылу практикасына талдау жүргiзу және оны қорыту, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
34) оған заңнамада жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
11. Комитет негiзгі мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) сауда саласында мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныс енгiзуге;
2) өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер және әдiстемелiк құжаттар шығаруға;
3) тауар импорты кезiнде iшкi рыноктағы адал бәсекелестікті бұзу фактiлерi анықталған кезде белгiлi бiр заңнамалық шараларды қолдану жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
4) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
5) демпингке қарсы, қорғау және өтемақы шараларын қолдану мәселелерi жөнiнде анықтау жүргiзуге;
6) жеткiзушiлерден қабылданған мiндеттемелердi орындау туралы мәлiметтердi сұратуға және өз құзыретi шегiнде олардың дұрыстығын тексеруге;
7) экспорттаушы елде ақпараттың дұрыстығына тексеру жүргiзуге;
8) өз құзыретi шегiнде бәсекеге қабiлеттiлiктi бағалауға және iшкi және сыртқы рыноктарда отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмiн жылжытуға мемлекеттiк қолдау көрсетуге;
9) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша халықаралық сауда ұйымдарымен, шетел заңды тұлғаларымен келiссөздер жүргiзуге және келiсiм жасасуға;
10) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
13. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Комитетке бекiтiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
15. Егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынысы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
17. Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелеу мәселелерiн шешедi, Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегiнде заңнамаға сәйкес шағын бизнес (кәсiпкерлiк) саласындағы арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк қолдау саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының бекiтiлген халықаралық шарттарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 36.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегі комитет" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджетке жiберiледi.
2. Комитеттің мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) мемлекеттік қолдау;
2) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдауға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылдарын үйлестiру;
3) шағын бизнес субъектiлерiнің (кәсiпкерлiктiң) құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманы сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
4) шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) қолдау әдiстерi мен сызбаларын әзiрлеуге қатысу және енгiзу;
5) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттер.
10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi), шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланысты дамытуды қоса алғанда, оның субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн мемлекеттiк қолдауды, шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) дамытуға жәрдемдесудi жүзеге асырады;
2) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;
3) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларының әзiрленуiн және iске асырылуын бақылауды үйлестіреді;
4) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi;
5) шағын бизнесті (кәсіпкерлiктi) мемлекеттік қолдауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс дайындайды;
6) шағын бизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерiне қатысты оларды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қаржылық және кредиттік саясатты өзгерту салық салу жүйесiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
7) шағын бизнес (кәсiпкерлiк) мәселелерi жөнiндегi халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
8) республика аймақтарында шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етедi;
9) шағын бизнес (кәсiпкерлiк) саласында кадрларды даярлау қайта даярлау және бiліктілiгiн көтеру жүйесiн дамытуды қамтамасыз етеді;
10) кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
11) шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) дамытуға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдай отырып, көрсетiлген органдарды тексерудi жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қорғау және мемлекеттік қолдау мәселелерi жөнiндегi заңнаманы бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат дайындайды;
13) шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттiк қаржылық қаражаттарды тиiмдi пайдалану үшiн бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
14) сатып алу шағын бизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерiнен жүзеге асырылуға тиiс тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) номенклатурасы мен олардың көлемi жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
15) мемлекеттік қаржы, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды шағын бизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерi пайдалануының жеңілдікті жағдайларын жасау туралы ұсыныс әзiрлейдi және оны енгiзедi;
16) мемлекеттiк меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, өндірiстiк үй-жайларды және өзге де мүлiктердi шағын бизнес (кәсіпкерлiк) субъектiлерiне жеңiлдiкпен беру жөнiнде ұсыныс дайындайды;
17) шағын бизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерiнiң қызметiне байланысты проблемаларды шешуде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
18) шағын бизнестің (кәсiпкерлiктiң) жай-күйi мен мемлекеттiк қолдау шараларының тиiмдiлiгiне талдау жүргiзедi;
19) шағын бизнестің (кәсiпкерлiктiң) дамуына кедергi келтiретiн себептердi айқындайды және оларды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
20) шағын бизнес (кәсiпкерлiк) мәселелерi жөнiнде өзiне экономикалық, құқықтық және өзге де ақпаратты қамтитын деректер қорын қалыптастырады;
21) шағын бизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерiнің шағымдары мен өтiнiштерi бойынша қажеттi шаралар қарастырады және қабылдайды;
22) шағын бизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерiнiң қызметiне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң орындалуына мониторинг және талдау жүргізедi;
23) кәсіпкерлерді әр түрлi дерек қорлары негiзiнде ақпаратпен қамтамасыз етедi;
24) заңнамамен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Комитет негiзгi міндеттерді iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретiнің шегiнде:
1) шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
2) барлық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
3) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан шағын бизнес (кәсiпкерлiк) мәселелерi жөнiндегi қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4) басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардан мамандарды тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге тартуға;
5) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiк беруге;
6) белгіленген тәртіппен заңнамада көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ оның құны Комитет теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен қалыптасады.
13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттің, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
16. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
17. Комитет Төрағасы Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауап бередi.
18. Комитет Төрағасы осы мақсатта:
1) орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптік жаза қолданады;
4) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
5) өз құзыретiнің шегінде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
6) өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
19. Комитет қабылдайтын шешiмдер Koмитет Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөніндегi комитетi туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің құзыретi шегiнде заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттiк қолдау саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асырушы ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланктерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитеті" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджетке жiберiледi.
2. Комитеттiң негізгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттiң негiзгi міндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
2) елде инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру, инвестициялар тартуға ықпал ететiн құқықтық және өзге де жағдайлар жасау;
3) инвесторлармен жұмыс жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметін үйлестiру;
4) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi қызметiн қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік бағдарламаларды, басымды жобаларды iске асыру үшiн, соның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары және донор елдер беретiн заемдар мен гранттар есебiнен қаржы ресурстарын тартуға жәрдемдесу;
6) инвесторлармен өзара iс-қимылдың тиiмдi жүйесiн құру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген кепілдiктердi сақтауды, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
10. Комитет заңнамамен белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) инвестициялар ағыны қозғалысына талдау жүргiзедi әрi оларды тартудың және көтермелеудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған шараларды iске асыру жөнiнде, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
3) инвестициялық қызмет мәселелерi жөнiнде халықаралық келiсiмдер дайындауды және жасасуды қамтамасыз етедi;
4) Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерi туралы жарнама-ақпараттық кампания жүргiзедi;
5) Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiнен алынған ұсыныстар мен жобаларды қорытады, талдайды және Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында заңнамада белгiленген тәртіппен одан әрi жылжытуды қамтамасыз етедi, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп инвестициялар тарту және пайдалану жөнiнде есеп және есептеме ұйымдастырады;
7) қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға сотқа дейiнгi тәртiппен шет елдерде шаруашылық дауларды реттеуде көмек көрсетедi;
8) шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға сотқа дейiнгi тәртiппен Қазақстан Республикасында шаруашылық дауларды реттеуде көмек көрсетедi;
9) Қазақстан Республикасының жетiстiктерi мен инвестициялық мүмкiндiктерiн танымал ету және насихаттау мақсатымен Қазақстанда және шет елдерде мүдделі мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, саммиттер, форумдар, семинарлар, тұсау кесерлер, конференциялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырады және өткізедi;
10) өз қызметі мәселелерi бойынша инвесторлармен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) басымды қызмет түрлерiнде инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн инвестициялық артықшылықтар беруге инвесторлардың өтiнiмдерiн қабылдайды;
12) инвестициялық жобаларға қатысты келісім-шарттардың және өзге де құжаттардың сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
13) жасалған келiсiм-шарттардың өндiрiстiк-техникалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, салықтық және өзге де ережелерiне талдау жасайды және олардың орындалуын ұйымдастырады;
14) инвестициялық жобаларды іске асыру үшiн қажеттi барлық келiсу және рұқсат беру құжаттарын алуды қамтамасыз етедi;
15) Қазақстан Республикасындағы бiлiктi қызметкерлер, тауарларды және қызметтер көрсетудi iздестiруде инвесторларға жәрдемдеседі;
16) жасалған келiсiм-шарттарды сақтауды жүзеге асырады;
17) келiсiм-шарттар ережелерінің сақталуын бақылауды қоса алғанда, инвестициялық жобалардың iске асырылуына мониторинг және бақылау жүргiзедi;
18) келiсiм-шарттар жасалған инвестициялық жобаларды, жобалар тiзбесiн iске асыруға қатысты барлық нормативтік құқықтық кесiмдердi, жобаларға инвестициялар салу сомаларын және құрылатын жұмыс орындары санын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi;
19) Комитет құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және шет елдердегi мекемелерiнің қызметiн үйлестiредi;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) құзыреті және берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының атынан сөйлеуге және инвестициялық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласында халықаралық келiсiмдер (шарттар) жасасу мәселелерi жөнiнде келiссөздер жүргiзуге;
2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар және өзге де ұйымдар орындау үшiн мiндетті соның iшiнде келiсiм-шарттарды дайындауға және iске асыруға байланысты мәселелер бойынша бұйрықтар қабылдауға;
3) берiлген өкiлеттіктер шегінде инвесторлармен тiкелей келiссөздер жүргізу кезiнде Қазақстан Республикасын бiлдiруге, келiсiм-шарттар жасасу және бұзу ережелерi мен тәртiбiн айқындауға, өз құзыретi шеңберiнде инвестициялар туралы заңнамаға сәйкес келiсiм-шарт жасасуға және оларды тiркеуге, олардың ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; <*>
3-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің құзыретi шегiнде мынадай:
1) инвестициялық салық преференциялар;
2) кедендiк баж салудан босату;
3) мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде инвестициялық преференциялар ұсыну туралы шешiм қабылдауға; <*>
4) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтi реттеуге байланысты заң және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге және әзiрлеуге қатысуға;
5) мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар қызметкерлерiн, соның iшiнде шетелдiк азаматтарды келiсiм-шарттарға сараптама жүргiзу және дайындау үшiн тартуға;
6) инвесторлардан, мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан инвестиция мәселелерi бойынша қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
7) инвестициялық қызмет, картографиялық жұмыстар, жарнамалық бейне фильмдер, слайдтар және басқа да ақпараттық-тұсау кесер материалдары мәселелерi бойынша мемлекеттiк, орыс, ағылшын және басқа да тiлдердегi жарнамалық-ақпараттық және анықтамалық әдебиеттердiң, газеттердiң, бюллетеньдердің және журналдардың тапсырысшысы болуға;
8) инвесторларға Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жарнамалық-ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдар беруге;
9) Комитет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды, оларды даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.08. N 334
қаулысымен.
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгінен шеттетуге немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынысы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
16. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелеу мәселелерiн шешедi, Комитет қызметкерлерiне тәртiптік жазалар қолданады;
4) мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттi білдiредi;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің
Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің құзыретi шегiнде заңнамаға сәйкес арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында салааралық үйлестiрудi және басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында құрылымдық аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
2. Koмитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдеріне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Koмитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседi.
Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттің штат санының лимитін және құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Koмитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Районный тұйық көшесi, 15/1.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнінде кәсiпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджетке жіберiледi.
2. Комитеттiң негізгі мiндеттері
9. Комитеттiң негiзгi міндеттерi:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асырған кезде азаматтар мен қоғамның қолайлы әрi экологиялық қауіпсiз өмір сүру және тiршiлiк ету ортасына деген мүдделерiн қамтамасыз ету, жобалау мен құрылыс өнімдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құрылыстың сенiмділігі мен қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) халықтың толық мәндi өмiр сүру және тiршілік ету ортасын қалыптастыру, елдi мекендердiң табиғи ресурстары мен аумақтарын және қонысаралық аумақтарды қала құрылысына игерген, дамытқан және салған кезде оларды ұтымды пайдалану;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс құралдарымен тарихи және мәдени мұра ескерткiштерiнің сақталуын қамтамасыз ету;
5) әлеуметтiк, өндiрiстiк, инженерлік, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту;
6) салаға инвестицияларды тарту және оларды тиiмдi пайдалану үшiн ынталандыратын жағдайлар жасау;
7) жобалау және құрылыс өнiмдерінің iшкi рыногын қорғау, отандық жобалау мен құрылыс өнімдерi сапасын және бәсекелесуге қабiлетiн арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы ықпалдасу процестерін тереңдету болып табылады.
10. Комитет жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) cәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу әдiстерiн әзiрлеу;
3) құнды сәулет-қала құрылысы мұрасының сақталуын, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлердiң дамуын ескере отырып, қонысаралық аумақтарды және елдi мекендердi игеру мен тұрақты дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесімдердiң жобаларын әзiрлеу және келiсу;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтік-техникалық құжаттарды заңнамада белгiленген тәртіппен әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу;
6) құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттік стандарттарды белгiленген тәртiппен әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу;
7) мемлекеттiк тұрғын үй саясатын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қорын сақтау бағдарламасын iске асыруға қатысу;
8) экспортқа бағдарланған жобалау және құрылыс өнiмдерiн шығару, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсi саласында жаңа техника мен жоғары технологияларды игеру жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу және шараларды жүзеге асыру;
9) сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруда салааралық үйлестiру және басшылық жасау;
10) құрылыс материалдары өндiрiсінің жаңа технологияларын дамыту бағдарламаларын iске асыру жөніндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру және олардың орындалуын бақылау;
11) құрылысқа арналған инженерлiк іздестірулер саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу, кешендi инженерлiк iздестірулердің мемлекеттiк қорын қалыптастыру мен жүргiзудi ұйымдастыру және оған жәрдемдесу;
12) Комитеттiң құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықпен және заңды тұлғалармен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргiзудi ұйымдастыру;
13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi бағыттарын анықтау және оның бағдарламаларын әзiрлеуге басшылық жасау, салалық зерттеу, ғылыми-қолданбалы, эксперименттiк және жобалау-iэдестiру жұмыстарын орындауды, бекiтудi және iске асыруды (енгiзудi) ұйымдастыру;
14) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiндерiн қоспағанда, мемлекеттік, аймақаралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау әрі бекiту;
15) республикалық маңызы бар сәулет пен қала құрылысының облыстық және қалалық бөлiмшелерiнің, облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерiнің жұмысына ұйымдық және әдiснамалық басшылық жасау;
16) республикалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын ұйымдастыру және жүргiзу, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерiн мемлекеттiк нормативтермен қамтамасыз ету және олардың жұмысын үйлестiру;
17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын талдау әрi болжамдар әзiрлеу;
18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстар аясында шет елдермен әрi халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу;
19) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоқ жөнінде бүлiнген құрылысты қалпына келтiру немесе бұзу бойынша кешендi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу;
20) құрылыс пен құрылыс өнiмдерінің сапасына, қала құрылысы регламенттерiнің, мемлекеттік нормативтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтердің сақталуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру;
21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау, берiлген лицензиялардың есебiн жүргiзу, лицензиаттардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiне және олардың лицензиялық ереженi сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасы бекiткен лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттар негiзінде шет мемлекеттердің лицензияларын тану;
23) өтiнiш берушiлердің (лицензия алуға талапкерлердің) және (немесе) лицензиаттардың бiлiктілік талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалауды жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды тiркеу;
24) мемлекеттік емес сараптама орталықтарын тiркеу және сарапшыларды аттестациялау;
25) жобалау құжаттамаларының сапасын қадағалауды жүзеге асыру әрі жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын мемлекеттiк сараптамалық бағалауды ұйымдастыру, жобалардың мемлекеттік сараптамасының бiрыңғай жүйесiне басшылық жасау;
26) объектiлер (кешендер) салуда инвестициялардың негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге) техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру әрi республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты мен мемлекеттік кепiлдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздардың қаражатынан инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн негiз болатын қорытындылар дайындау;
27) республикалық маңызы бар қалалардың, жүз мыңнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;
28) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын мемлекетаралық (халықаралық) нормативтiк базаны дамыту;
29) жобалау-iздестіру жұмыстары мен құрылыста баға белгiлеудi, құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өзiндiк құнын талдау, объектiлер мен кешендер құрылысының сметалық құнын есептеудің тәртiбін анықтау;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
11. Комитет негiзгi міндеттерiн iске асыру мен өзiнің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) өз құзыретінің шегiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік құқықтық кесімдер қабылдауға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық кесімдерге және өзге де мемлекеттiк нормативтерге қайшы келетiн шешімдерiнің қолданысын тоқтата тұру және күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) өз құзыретiнің шегiнде объектiлердi жобалаудың және салудың (қайта жаңартудың) жекелеген техникалық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға;
4) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы сабақтас қызмет мәселелерi бойынша басқа уәкілеттi мемлекеттiк органдар әзiрлеген заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдер жобалары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жобаларға сараптама жүргiзудің, лицензиялаудың және мемлекеттiк бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырудың тетiктерi мен рәсiмдерiн жетілдiру, мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының республикалық және (немесе) аймақтық орталықтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) қажеттi жағдайларда ғылыми, зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың, өндiрiстiң басқа салаларының мамандарын, сондай-ақ шетелдiк мамандарды сарапшылар ретiнде тартуға;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында белгiленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулердi бұзушыларға жол берiлген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдауға;
8) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiрудің техникалық шарттарын қарауға және олардың сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекетаралық және мемлекеттік нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгi туралы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға қорытындылар беруге;
9) тарих пен мәдениет ескерткiштерiнің, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерінің сақталуы мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық кесімдердi және мемлекеттік нормативтердi әзiрлеуге қатысуға;
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн кадрлар дайындау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысуға;
11) жобалауға, құрылыс салуға және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын жеткізуге арналған мердiгерлiктi мемлекеттiк сатып алу жөніндегi конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастыру мен өткiзуге қатысуға;
12) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жылдық жоспарларын жасауға қатысуға;
13) республикадағы тұрғын үй проблемасын кезең-кезеңімен шешуде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мен кредиттеудің және тұрғын үй қорын сақтаудың схемалары мен тетiктерiн әзiрлеуге қатысуға, толық мәнді тұрғын үй рыногын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесуге;
14) күрделi құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, сондай-ақ мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу мен құрылыс материалдарының экспорты-импорты аясындағы статистикалық материалдарды статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан белгiленген тәртіппен және белгiленген мерзімде алып тұруға;
15) Үкiметтің шешiмдерi бойынша республикалық мемлекеттiк кәсіпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып әрекет етуге және Комитеттің құзыреті аясындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалануды жүзеге асыруға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бap.
12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттің мулкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ құны Комитет теңгерімiнде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
13. Комитетке бекiтілген мүлік республикалық меншiкке жатады.
14. Комитет, егер заңнамалық кесімдермен өзгеше белгіленбесе, өзiне бекiтiлген мүлікті және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Koмитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
16. Төрағаның заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екi орынбасары болады.
16-1. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы болып табылады.
Төрағаның орынбасарлары лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Аумақтық бөлiмшелердің басшылары тиiстi облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады. <*>
Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін және олардың өзара алмастыруларын белгiлейдi;
2) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi;
3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелердің қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; <*>
4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу мәселелерiн шешедi, Комитеттің қызметшiлерiне, аумақтық бөлiмшелердің қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына тәртіптік жаза қолданады; <*>
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; <*>
7) өз өкілеттiгiнің шегiнде мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
7-1) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды; <*>
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
19. Koмитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделедi.
7. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыреті шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс өнеркәсiбi, қорғаныс және екiұдай мақсаттағы өнiмдi әзiрлеу, өндiру және сату саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитет әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы уәкiлетті орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
480016, Алматы қаласы, Пушкин көшесi, 2.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледі.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттің негiзгi мiндеттерi:
1) қорғаныс және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi өндiру және жою саласында, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың, әскери мақсаттағы өнiмдi экспорттық-импорттық жеткізулердiң бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу, осы бағдарламаларды iске асыру;
3) қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi бойынша мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу;
4) өз құзыретi аясында мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындау және қорғаныс өнеркәсiбiнің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
5) қорғаныс өнеркәсiбi кешенi ұйымдарын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу, олардың жұмысын жетілдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
6) қорғаныс ұйымдарын дамыту және конверсиялау бағдарламаларын iске асыру үшiн ықтимал инвесторларды тартуға жәрдемдесу;
7) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша импорт алмастыру саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу болып табылады.
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өз құзыретiнің шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қорғаныс және екіұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру және жою саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
2) қорғаныс және екіұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу мен өндiрудiң ағымдағы және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп оның iске асырылуын бақылайды;
3) қорғаныс өнеркәсiбiнiң дамуын және конверсиялау бағдарламаларының iске асырылуын салааралық үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
5) жұмылдырушылық қуаттар мен резервтердi құру, жинақтау және сақтау жөнiндегi жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыруға қатысады;
6) iшкi қажеттiлiктер мен экспортты қамтамасыз ету үшiн қару-жарақтар мен әскери техниканы өндiрудi конверсиялау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және орындауды ұйымдастырады;
7) қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнiмдердi экспорттық-импорттық жеткiзу саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысады;
8) өз құзыретi шегiнде әскери-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау, қару-жарақтар мен әскери техника шығаруды қысқарту жөнiндегi халықаралық шарттарды және келiсiмдердi iске асыруға жәрдемдеседі;
9) қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнде ғылыми-техникалық және технологиялық даму және Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдарды кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
10) қорғаныс тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) жүргiзудi ұйымдастырады және оларды екiұдай қолданудың мүмкiндiктерiн айқындайды;
11) өнiмдердің бәсекелестiк қабiлетi мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бiрыңғай техникалық саясатты iске асырады, қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнде ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетті тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
12) қару-жарақтардың, әскери техниканың және оқ-дәрiлердiң жаңа технологияларын әзiрлеудi және енгiзудi үйлестiредi;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының тұтыну ұйымдарының барлық кезеңде жарылғыш материалдарға қажеттілiгiн бағалауды жүзеге асырады;
15) қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнің құрамына кiретiн ұйымдарды жұмылдырушылық дайындау жөнiндегi іс-шараларды орындауды ұйымдастыруға қатысады;
16) құпия жаңалықтарды қорғауды, оның iшiнде өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда да қамтамасыз етедi;
17) қорғаныс өнеркәсібін дамыту мен конверсиялау бағдарламаларын орындауға бөлiнген бюджет қаражатының жұмсалуын, сондай-ақ қорғаныс тақырыбы бойынша ҒЗТКЖ-ны жоспарлауға және бақылауға қатысады;
18) Қазақстанның және басқа да мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн дамытудың үрдiстерi мен серпiнiн талдауды және оларға шолулар дайындауды жүзеге асырады;
19) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Комитеттiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнің функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажеттi құжаттар мен материалдарды, оның iшiнде ақпараттық-талдау сипатындағыларды сұратуға және алуға;
2) өз құзыреті шегiнде қорғаныс және екіұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру әрi жою және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметтi pеттейтiн нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге;
3) басқа мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сарапшыларды, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан жарылыс iсi саласындағы мамандандырылған ұйымдарды және мамандарды жұмысқа тартуға;
4) басқа мемлекеттiк басқару органдарының құзыретiне кiретiн, қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерiн қарауға және келiсуге қатысуға;
5) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша республика iшiнде де, халықаралық деңгейде де қорғаныс өнеркәсiбi мәселелерi жөнiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiруге, шетел мемлекеттерiмен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың жұмысына қатысуға, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға;
6) қорғаныс өнеркәсiбi кешенi ұйымдарының, оның iшiнде шетелдiк инвесторлардың қатысуымен, қызметін жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
7) қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң қызметiн реттейтін заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, осы мақсаттар үшiн республиканың өзге де мемлекеттiк органдарының мамандарын тартуға;
8) қорғаныс және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге және сатуға қатысатын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында да, шет елдерде де мемлекеттiк билiк органдарымен, ұйымдармен, шетел мемлекеттерiнің лауазымды және жеке тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасауға;
10) оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiмен және консулдық мекемелерiмен белгiленген тәртiппен өзара iс-қимыл жасауға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ құны Комитет теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен қалыптастырылады.
13. Комитеттiң мүлкі республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Комитетті Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
16. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
17. Төраға осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарының, Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртіппен көтермелеу мәселелерiн шешедi, Комитеттің қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттiк органдарда және басқа да ұйымдарда Комитетті білдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.
18. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегі комитеті туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi құзыретінiң шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланктерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Дружба көшесi, 76.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түcугe тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кірiстер республикалық бюджеттiң кірiсiне жіберіледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) стандарттау, метрология, сертификаттау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
2) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың стандарттау, метрология, сертификаттау саласындағы қызметiн үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының стандарттаудың, сертификаттаудың, өлшемдер бiрлiгi мен эталондық базасын қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйелерiн жетілдiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының негiз қалаушы мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеудi қамтамасыз ету;
5) стандарттау, метрология, сертификаттау саласында бiлiктi кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысу;
6) техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау өнiмдердi тiзiмдемелеу жөнiндегі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
7) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында iргелi зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру;
8) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына, өнiм сапасына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына мемлекеттік қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегi тiркелген органдардың және сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметiн бақылау;
9) сертификаттау, сертификаттық сынақтар, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн әзiрлеу және аттестаттау, олардың үлгісін және бекiтiлген үлгiсiне сәйкестiгiн бекiту мақсатында өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және сынау жөніндегi жұмыстарды жүргiзу құқығына мемлекеттiк сертификаттау жүйелерiнде тіркеу және ұйымдардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету;
10) бастапқы тексеру құқығына үлгiнi бекiту және техникалық құзыретi мақсаттары үшiн өлшем құралдары сынақтарын жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу.
10. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес және заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi;
2) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестiредi;
3) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, мемлекеттiк стандарттау, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету, сертификаттау жүйелерiн жетiлдiредi және дамытады;
4) шамалар бiрлiгiнiң мемлекеттік эталондарын жасау, бекiту, сақтау және қолдану ережесiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының эталондық базасын жетiлдiредi;
5) республикада қолдануға рұқсат етiлген шама бiрлiктерiн белгiлейдi;
6) өлшем құралдарына, әдiстерi мен нәтижелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды;
7) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында iргелi зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
8) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбiн анықтайды, Қазақстан Республикасының негiз қалаушы стандарттарын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын тиiстi халықаралық және аймақтық стандарттармен үйлестiру жөніндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
9) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшемдердi орындау әдiстемесiн және басқа да метрологиялық жұмыстарды аттестаттау құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiн тiркеудi жүргiзедi;
10) сертификаттау және сертификаттық сынақтар бойынша жұмыстарды жүргiзу құқығына ұйымдарды тіркеуді жүргiзедi;
11) бастапқы салыстырып тексеру құқығына техникалық бiлiктiлiктi тануды жүргiзедi;
12) сертификаттау және метрология жөнiндегi сарапшы-аудиторлар ретiнде мамандарды аттестаттау жүргiзедi;
13) өлшемдердiң, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеудiң, өнiмдердi, өндiрiстiк қызмет көрсетулердi және сапа жүйелерiн сертификаттаудың, сертификаттау сынақтарының орындалу әдiстемелерiн аттестаттау құқығына заңды тұлғаларды тiркеу тәртiбiн белгiлейдi;
14) өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялайды;
15) стандарттау, метрология, сертификаттау, тiркеу, сапа жүйесi, мемлекеттік қадағалау мен инспекциялық бақылау саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге қатысады көрсетiлген бағыттар бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу бағдарламаларын келiседi;
16) саудадағы техникалық кедергiлердi жою мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17) өз құзыретiнiң шегiнде стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiредi;
18) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды тiркеудi жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасы стандарттарының, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық және басқа да елдердiң ұлттық стандарттарының мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
20) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын шығаруды, қайта шығаруды және таратуды ұйымдастырады;
21) өнiмге және шығарылатын өлшем құралдарына тiркелген нормативтiк құжаттар туралы, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттар талаптарының өзгерiстерi туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық сiлтемелердің басылып шығарылуын ұйымдастырады;
22) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүше елдерiне, Қазақстанның пiкiрi бойынша, сауда қатынастарында техникалық кедергiлер келтiруi мүмкiн әзiрленетiн жобалар мен қолданылып жүрген халықаралық және аймақтық нормативтiк құжаттарға түсiнiктемелер (пiкiрлер) жолдайды;
23) өнiм сапасына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына, стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың мiндеттi талаптарының, сертификаттау ережелерінің, метрологиялық ережелердің сақталуына мемлекеттiк қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
24) көптеп шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына топтап әкелiнетiн өлшем құралдарының үлгiлерiн бекiтедi;
25) азаматтық және қызметтiк қару мен олардың патрондарының мемлекеттiк кадастрын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ оны шығаруды және жүргiзудi ұйымдастырады;
26) мемлекеттiк стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жүйелерінің тiзiлiмдерiн жүргiзедi;
27) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзiне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз құзыретiнің шегiнде өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға және әзiрлеуге;
2) стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлігінің халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да ұйымдарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметін үйлестiрудi жүзеге асыруға қатысуға;
3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiруге;
4) өз құзыреті шегінде нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға;
5) өнiм сапасына, өлшем құралдарының жай-күйі мен қолданылуына мемлекеттік қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға және кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
6) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтік құжаттар талаптарының бұзылу фактілерi анықталған кезде заңды және жеке тұлғаларға ықпал етудiң заңнамалық кесiмдерде айқындалған шаралар қолдану жөнiндегi шешiмдер қабылдауға;
7) өнiмдер мен тауарлар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайларда, оларды жою жөніндегi комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен қатысуға;
8) басқа мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ стандарттау, метрология, сертификаттау саласындағы бiрлескен жұмыстар үшiн шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды тартуға;
9) өлшем құралдарының үлгiлерiн бекiту сертификаттарын, тауардың шығу сертификаттарын беруге;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiндегi сынақ орталықтарын, салыстырып тексеру зертханаларын және сертификаттау жөнiндегi органдарын тiркеудi жүргiзуге, шетел сертификаттарын тану шарттарын әзiрлеуге;
11) стандарттау жөнiндегi жеке және заңды тұлғалармен, техникалық комитеттермен өзара әрекет етуге;
12) Үкіметтің шешiмi бойынша республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың мемлекеттiк басқару органы болуға және Комитет құзыретiнiң аясында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акциялардың мемлекеттік пакеттерiн иеленуге және пайдалануды жүзеге асыруға;
13) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен қалыптастырылады.
13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетінше оқшаулауға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
16. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын eкі орынбасары болады.
17. Төраға лауазымы бойынша, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Төрағаның орынбасарлары лауазымдары бойынша, стандарттау және өлшем құралдары жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын қадағалау жөнiнде Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Комитеттің аумақтық бөлімшелерiнің басшылары тиiстi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттау және өлшем құралдары бойынша нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақталуын қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады. <*>
Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
18. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершілiкте болады.
19. Төраға осы мақсатта:
1) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының және орынбасарларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; <*>
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады;<*>
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелерiн бекiтедi; <*>
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
7) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды; <*>
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
20. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Сауда комитетiнің құрылымы
Басшылық;
Сауда және өндiрiстiк қызмет мониторингi басқармасы;
Iшкi сауда басқармасы.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Шағын бизнесті қолдау жөніндегi комитетінің құрылымы
Басшылық;
Шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) үйлестiру және қорғау басқармасы;
Шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) дамытудың стратегиясы басқармасы.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестициялар жөніндегі комитетiнiң құрылымы
Басшылық;
Стратегия және инвестициялық саясат басқармасы;
Инвестициялық жобаларды талдау және олардың мониторингi басқармасы.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс iстерi жөніндегi комитетiнің құрылымы
Басшылық
Сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы
Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы
Құрылыстағы экономикалық талдау және баға құрау басқармасы
Жұмыстарды қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi <*>
Ескерту. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi комитетінің құрылымы
Басшылық;
Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту басқармасы;
Ұйымдастыру-талдау жұмысы басқармасы.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар және мемлекеттiк қадағалау басқармасы
Стандарттау, метрология, сертификаттау және техникалық саясат басқармасы <*>
Ескерту. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 951
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
тiзбесi
1. Ақмола облысы бойынша Индустрия, сауда Көкшетау қ.
және шағын бизнестi қолдау департаменті
2. Ақтөбе облысы бойынша Индустрия, сауда Ақтөбе қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
3. Алматы облысы бойынша Индустрия, сауда Талдықорған қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
4. Атырау облысы бойынша Индустрия, сауда Атырау қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, Өскемен қ.
сауда және шағын бизнестi қолдау
департаментi
6. Жамбыл облысы бойынша Индустрия, сауда Тараз қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, Орал қ.
сауда және шағын бизнестi қолдау
департаментi
8. Қарағанды облысы бойынша Индустрия, сауда Қарағанды қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
9. Қызылорда облысы бойынша Индустрия, сауда Қызылорда қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
10. Қостанай облысы бойынша Индустрия, сауда Қостанай қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
11. Маңғыстау облысы бойынша Индустрия, сауда Ақтау қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
12. Павлодар облысы бойынша Индустрия, сауда Павлодар қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
13. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Петропавл қ.
Индустрия, сауда және шағын бизнестi
қолдау департаментi
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Шымкент қ.
Индустрия, сауда және шағын бизнестi
қолдау департаментi
15. Астана қаласы бойынша Индустрия, сауда Астана қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
16. Алматы қаласы бойынша Индустрия, сауда Алматы қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi
Ескерту. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.28. N 752 қаулысымен.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы (Мемсараптама) республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы.
2. "Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты (ҚазСҚСҒЗИ)" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
3. "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) ("Суарнажоба ҚазмемҒЗЖIИ" РМК), Алматы қаласы
Акционерлiк қоғам
"Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" ашық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiнің қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. С.М. Киров атындағы "Машина жасау зауыты" ашық акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы;
2. "ЗИКСТО" ашық акционерлiк қоғамы, Петропавл қаласы;
3. "С.М. Киров атындағы зауыт ӨБ" ашық акционерлік қоғамы, Петропавл қаласы;
4. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамы, Петропавл қаласы;
5. "Металлист" Орал зауыты" ашық акционерлік қоғамы, Орал қаласы;
6. "Зенит" Орал зауыты" ашық акционерлiк қоғамы, Орал қаласы;
7. "Омега" ашық акционерлiк қоғамы, Орал қаласы;
8. "Гидроприбор ҒЗИ" ашық акционерлiк қоғамы, Орал қаласы;
9. "Шельф" ашық акционерлік қоғамы, Атырау қаласы;
10. "Наука-Восток" ашық акционерлiк қоғамы, Көкшетау қаласы;
11. "Тыныс" ашық акционерлiк қоғамы, Көкшетау қаласы;
12. "Семей машина жасау зауыты" ашық акционерлiк қоғамы, Семей қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi
комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң "Республикалық стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетiнің "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
N 1220 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1363 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 422-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтiк бақылау жөніндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 427-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1775 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 2 шілдедегi N 904 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 26, 312-құжат).
5. "Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш материалдардың өндiрiсiн және оның айналымын мемлекеттік бақылауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 1264 қаулысының 4-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қазандағы N 1384 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 487-құжат).
7. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 126 қаулысының 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 33-құжат).