Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N 1208

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қолдау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік тапсырысты орындау жолымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, тіршілігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымын жетілдіру саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бір ай мерзімде Кәсіпорын Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қолдансын.

      4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс
      министрлігінің шаруашылық жүргізу
      құқығындағы "Қолдау" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны                    Астана қаласы".
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі