Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N 1207

Қолданыстағы

      Акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз eту және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 386-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспедегi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегі Заңының 76-бабына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiнде:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақтың екiншi абзацында "арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, шараптар, коньяктар, шампан шараптары" деген сөздер "сыраны қоспағанда, спирттің барлық түрлерi мен алкоголь өнiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Мыналарға акциздiк алым маркаларының:
      алкоголь өнiмдерiне - жетi таңбалы баспаханалық нөмiрлеуi болады, түстерi бойынша ажыратылады және алты түрге бөлiнедi: спирт, арақ, күштi алкогольдi iшiмдiктер, әлсiз алкогольдi iшiмдiктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрi - сыйымдылық) қарай: 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып бөлiнедi;
      темекi өнiмдерiне - екi таңбалы сериясы және марканы шығарған жылы болады.
      Алкоголь өнiмдерiн таңбалау мынадай түрде жүзеге асырылады:
------------------------------------------------------------------
           Марканың түрі        !        Өнiмнiң атауы
------------------------------------------------------------------
спирт                             спирттің барлық түрлерi

арақ                              арақ және ерекше арақтар

күштi алкогольді сусындар         күшейтiлген ликер-арақ бұйымдары
                                  және этил спиртiнiң көлемдi үлесi
                                  30 % және одан көп өзге күштi
                                  алкогольді iшiмдіктер

әлсiз алкогольді сусындар         шарап сусындары, әлсiз градусты
                                  ликер-арақ бұйымдары және этил
                                  спиртінiң көлемдi үлесi 30 %-тен
                                  аз өзге әлсiз алкогольдi
                                  iшiмдiктер

шарап                             шараптар, шампан

коньяк                            коньяк, бренди                 ".

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі